18/05/2026
2026 жылғы 15 мамырда Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында көрнекті ғалым, отандық урология мектебінің негізін қалаушы академик Б.О. Жарбосыновты еске алуға арналған «Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі пәнаралық тәсіл» атты жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында урология, андрология, онкоурология және сабақтас мамандықтардың өзекті мәселелерін қамтыған 20-дан астам баяндама ұсынылды. Іс-шараға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 200-ден астам дәрігер, ғалым және маман қатысты.
Конференция тәжірибе алмасуға, урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауға, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.
Барлық спикерлерге, қатысушыларға, серіктестерге және қонақтарға жоғары қызығушылықтары, белсенді қатысулары және отандық урологияның дамуына қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.
#урология #андрология #онкоурология #УрологияҒылымиОрталығы #Жарбусынов конференция Алматы медицина ҚазақстанДәрігерлері АлматыУрологы