01/03/2025
10.02-14.02.2025ж аралығында №195 мектеп-гимназиясында арнайы педагог Әлімбекова Ажар мен мектеп психологтары Ізбанова Гаухар, Берікқызы Аяулымның ұйымдастыруымен "Санаға сәуле шашқан мамандар" атты апталығы болып өтті. Апталықтың ашылуына орай мектеп мұғалімдеріне "Бір сұрақ-бір бауырсақ" айдары, мектеп білім алушыларына "Амандасып тәтті ал" айдары өтті. 11.02.2025 күні арнайы педагог Әлімбекова Ажар ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен "Бір таңбалы сандарды қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта "Алма", "Кубик", "Санамақ" әдістері пайдаланылды. 12.02.2025 күні "Көңілді үзіліс" ұйымдастырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 13.02.2025 күні арнайы педагог мектеп мұғалімдеріне "Жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу алгоритмі" тақырыбында семинар өткізді. Жалпы білім беру бағдарламасын қалай бейімдеу керектігін түсіндірді, кеңес берді. 14.02.2025 күні ата-аналарға "Көбейту кестесін жаттаудың тиімді тәсілдері" тақырыбында кеңес берді. Көбейту кестесін жаттаудың оңтайлы жолдарымен бөлісті. Апталықтың жабылуына орай мектеп психологтары мен арнайы педагогы "Жүректен жүрекке" іс-шарасын ұйымдастырып, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға алғыс хат және сыйлықтар беру арқылы жүректеріне жылу ұялатты.