Рахым Жанаргуль Серикбаевна

Рахым Жанаргуль Серикбаевна 👩‍⚕️Рахым Жанаргуль
СТАЖ 17 ЛЕТ
🩺ВРАЧ ВЫСШЕЙ КАТЕГОРИЙ
Комплексное и индивидуальное лечение бесплодия
10 мкр Самал 104
8775 224 15 15

🩷 АМГ деген не?АМГ (антимюллерлік гормон) - әйелдің аналық бездеріндегі жұмыртқа жасушаларының қоры туралы ақпарат берет...
11/08/2026

🩷 АМГ деген не?

АМГ (антимюллерлік гормон) - әйелдің аналық бездеріндегі жұмыртқа жасушаларының қоры туралы ақпарат беретін гормон.

Қарапайым тілмен айтқанда, АМГ аналық бездің қорын бағалауға көмектеседі.

🔹 АМГ төмен болса - аналық бездегі фолликулдар қоры азайғанын көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл жүктілік мүмкін емес деген сөз емес.

🔹 АМГ жоғары болса - аналық бездегі фолликулдар саны көбірек болуы мүмкін. Бірақ жоғары АМГ да жүктілікке кепілдік бермейді.

🔹 АМГ көбіне ЭКО кезінде емдеу тактикасын және стимуляцияға аналық бездің жауабын бағалауға көмектеседі.

🔹 АМГ-ны бір ғана көрсеткіш ретінде қарастыруға болмайды. Жас, УДЗ, антральды фолликулдар саны және басқа да көрсеткіштермен бірге бағаланады.

💗 Ең бастысы:
АМГ - үкім емес. Ол тек аналық без қоры туралы ақпарат беретін көрсеткіш.
Әр әйелдің жағдайы жеке бағаланады.

Кеше ғана арманына сеніп, ақ халатын алғаш киген кішкентай бауырым еді... Бүгін, міне, тамыр хирургы атанып, резидентура...
29/07/2026

Кеше ғана арманына сеніп, ақ халатын алғаш киген кішкентай бауырым еді... Бүгін, міне, тамыр хирургы атанып, резидентурасын сәтті аяқтап отыр. 🥹🤍

Сенің әрбір ұйқысыз түніңді, шаршаған сәттеріңді, алға қойған мақсатыңнан ешқашан бас тартпағаныңды көрдік. Бүгінгі диплом - сол қажырлы еңбектің лайықты жемісі.

Бауырым, Арман Самарханов сенімен мақтанамын! Алла Тағала қолыңа шипа, жүрегіңе мейірім, жолыңа береке берсін. Әрбір науқасың саған алғыс айтып, әрбір жасаған отаң сәтті өтсін. Ақ халатыңның абыройын асқақтатып, еліңе қызмет ететін білікті дәрігер бол!

Армандарың одан әрі асқақтай берсін. Бұл - тек бастамасы. Алда алар асуларың бұдан да биік болсын!

Құттықтаймын, жан бауырым! ❤️ Біз сені қатты жақсы көреміз және әрдайым мақтанамыз!

24/07/2026

Пациенттерім үшін маңызы зор ақпарат деп ойлаймын...
#экомеджайық #бедеулік #эмбрионтасымалы

24/07/2026

Кезекті жүктілікке қол жеткізген пациентімізді жергілікті емханаға тіркеуге және жүктілікті әрі қарай бақылауға шығарып салдық. 🤍

Бұл - біз үшін әрдайым ең қуанышты әрі толқынысқа толы сәттердің бірі. Әрбір оң нәтиженің артында үлкен үміт, сабыр және бірге өткен жол жатыр.

Пациентімізге жүктілігі жеңіл өтіп, әр күні қуанышқа толы болсын деп тілейміз. Алла қаласа, аман-есен сәбиін құшағына алып, ата-ана бақытына кенелсін! Біз әрдайым сіздер үшін тілекшіміз. 💛

23/07/2026

Әдемі естелік - "Армандар орындалады!" ✨

ВПЧ-ға қарсы екпе - әйел денсаулығын қорғаудың маңызды қадамыКөпшілік біле бермейді: адам папиллома вирусы (ВПЧ) - жатыр...
23/07/2026

ВПЧ-ға қарсы екпе - әйел денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы
Көпшілік біле бермейді: адам папиллома вирусы (ВПЧ) - жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі.
Дәл осы қауіпті алдын алудың тиімді жолы - вакцинация.
ВПЧ-ға қарсы екпе кімдерге ұсынылады?
✔ 9-26 жас аралығындағы қыз-келіншектерге - ең тиімді кезең
✔ 27-45 жас аралығында - дәрігер кеңесімен
✔ Жатыр мойнында өзгерістер анықталған әйелдерге (эрозия, дисплазия, CIN)
✔ Болашақта өз денсаулығына алдын ала қамқор болғысы келетін әрбір әйелге
💉 Ең жиі қолданылатын вакцина - Gardasil 9💉
Маңызды:
Екпе ауруды емдемейді, бірақ қауіпті вирустардан қорғайды және жатыр мойны обырының алдын алуға көмектеседі.
Әйел денсаулығы - болашаққа салынған инвестиция.
Өзіңізді қорғаңыз, уақытылы тексеріліп, алдын алуды бүгіннен бастаңыз ❤️

16.07.2011🤵👰   15 жыл бірге өмір сүргеніміз - аз уақыт емес. Кеше ғана бәрі басталғандай көрінеді, ал бүгін артқа қараса...
19/07/2026

16.07.2011🤵👰
15 жыл бірге өмір сүргеніміз - аз уақыт емес. Кеше ғана бәрі басталғандай көрінеді, ал бүгін артқа қарасақ, қаншама бақытты сәттер, сындар, естеліктер мен жеңістерді бірге еңсеріппіз.

Біздің отбасымыз хрусталь секілді: әдемі, бағалы әрі аяламасаң, сынғыш. Осы жылдар бойы бір-бірімізді қолдап, әр күнімізде бір-бірімізді таңдағанымыз үшін өзімді бақытты сезінемін🙏

Ең үлкен бақытымыз - төрт бірдей аяулы баладарымыз: махаббатымыздың жемісі, өміріміздің мәні мен ең қымбат байлығымыз❤️

Алла қаласа, алда әлі талай бақытты жылдарымыз болсын. Отбасымыздан береке кетпесін, деніміз сау, көңіліміз шат болып, балаларымыздың қызығын көріп, бірге қартайып, ұзақ та бақытты ғұмыр кешейік. Осындай отбасыма шексіз шүкіршілік етемін. 🤲

От всего сердца благодарю Лондон 🇬🇧за тёплый приём и незабываемые впечатления.Мы увидели столько прекрасных достопримеча...
09/07/2026

От всего сердца благодарю Лондон 🇬🇧
за тёплый приём и незабываемые впечатления.

Мы увидели столько прекрасных достопримечательностей и исторических мест 😍 этот город покорил нас своей красотой и атмосферой.🩵🏛️🎡

До новых встреч, Лондон!👋 Уверены, мы ещё обязательно увидимся в будущем.🙏

🌍 ESHRE 2026 - репродуктивті медицинадағы әлемдік жаңалықтарҚазіргі таңда Лондонда адам репродукциясы және эмбриологиясы...
05/07/2026

🌍 ESHRE 2026 - репродуктивті медицинадағы әлемдік жаңалықтар

Қазіргі таңда Лондонда адам репродукциясы және эмбриологиясы саласындағы ең беделді халықаралық жиындардың бірі - ESHRE-дің 42-ші жыл сайынғы конференциясы өтуде.

Бұл конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен репродуктологтар, гинекологтар, эмбриологтар және ғалымдар жиналып, бедеулікті емдеу саласындағы соңғы ғылыми жетістіктер мен клиникалық тәжірибелерді талқылауда.

📌 Биылғы конференцияның негізгі тақырыптары:
✅ ЭКО бағдарламаларындағы жаңа тәсілдер;
✅ Овуляцияны ынталандырудың жекелендірілген хаттамалары;
✅ Әйел және ер бедеулігін емдеудің заманауи әдістері;
✅ Эмбриондарды генетикалық зерттеу;
✅ Онкофертильділік және репродуктивті функцияны сақтау;
✅ Эмбриологиядағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері;
✅ Дәлелді медицинаға негізделген жаңа халықаралық ұсыныстар.

Медицина үздіксіз дамып келеді. Сондықтан әлемдік ғылыми жаңалықтарды бақылап, оларды күнделікті тәжірибеге енгізу - әрбір дәрігердің басты міндеттерінің бірі.

Біздің мақсатымыз - халықаралық тәжірибе мен дәлелді медицинаның заманауи мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр отбасының сәби сүю арманына қол жеткізуіне көмектесу.

Жылдар  бойы сәби сүюді армандаған жанұяның бүгін қолында - көптен күткен кішкентай бақыты. Міне,  дүниеге осындай тәтті...
15/06/2026

Жылдар бойы сәби сүюді армандаған жанұяның бүгін қолында - көптен күткен кішкентай бақыты. Міне, дүниеге осындай тәтті қыз келді❤️

Бүгін ата-анасы қызын құшағына алып, бізге қонаққа келді.

Осындай сәттер - біздің жұмысымыздың ең бақыт сыйлайтын, ең жүрекке жақын бөлігі.
Әр күткен жанның арманы орындалсын🤲

Address

10мкр Самал 104
Oral
090000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Рахым Жанаргуль Серикбаевна posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share