28/05/2026
📚 Минуттап оқу не үшін қажет?
Көп ата-ана ағылшын тілін үйренуде тек сөз жаттау мен грамматика маңызды деп ойлайды. Бірақ баланың тез әрі сенімді сөйлеуінің басты құпияларының бірі — минуттап оқу. ⏱️
Минуттап оқу дегеніміз — баланың 1 минут ішінде мәтінді тоқтамай, дұрыс әрі жылдам оқуы. Бұл әдіс ағылшын тілін үйренуде өте үлкен нәтиже береді👇
✅ Оқу жылдамдығы артады
Бала әр сөзді ұзақ ойланып оқымайды. Көз үйренеді, ми тез қабылдай бастайды.
✅ Дұрыс pronunciation қалыптасады
Жиі оқыған сайын сөздердің айтылуы есте сақталады.
✅ Speaking жақсарады
Тез оқи алған бала тез сөйлей бастайды. Себебі ми ағылшын тіліндегі сөздерді автоматты түрде қолдануға үйренеді.
✅ Сөздік қоры көбейеді
Минуттап оқу кезінде бала бір мәтіндегі сөздерді қайта-қайта көреді. Осылайша жаңа сөздер тез жатталады.
✅ Өзіне деген сенімділік пайда болады
Бүгін 20 сөз оқыса, ертең 40 сөз оқиды. Нәтижесін көрген балада мотивация артады 🔥
✅ ҰБТ, IELTS, мектеп сабақтарына көмегі зор
Жылдам оқу — мәтінді тез түсінудің негізі.
📈 Біздің курста балалардың минуттап оқу нәтижесі тұрақты бақыланады.
Әр бала өзінің өсуін көріп, күн сайын алға жылжиды 💪
✨ Ағылшын тілінде еркін сөйлеудің алғашқы қадамы — күнделікті оқу дағдысы!