Эльмира Лотос

  • Home
  • Эльмира Лотос

Эльмира Лотос Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Эльмира Лотос, Psychologist, .

Өмір... Күн сайын сан қилы қызықты шыжықты оқиғаларға толы тәтті өмір...⠀Бәріміз жалған дүниенің кереметтілігін сезінгім...
09/07/2023

Өмір... Күн сайын сан қилы қызықты шыжықты оқиғаларға толы тәтті өмір...

Бәріміз жалған дүниенің кереметтілігін сезінгіміз келеді. Бәріміз бақытты болғымыз келеді, бірақ күнде өзіміз бақытты болуға деген кедергілерді қолдан жасай береміз. Қарапайым көзге көрінер көрінбес кедергілерді тізбектеп көрейікші👇

• Алланың емес, адамның разылығын алу үшін шапқылау. Ия Алла алдындағы дәрежем қандай болар екен деп емес, анау не дер мынау не екен деп қипылықтап, өз өзіңді шаршату.

• Әлеуметтік желіге уақытты көп арнау. Әлеуметтік желілерді қолдану өмірге қанағаттану сезімін төмендетеді. Ол шарасыз салыстыру сезімін шақырады. Мысалы, инстаграм желісіндегі біреудің өміріне қарап, нәтижесінде, өміріңіз толыққанды емес деген шешімге келіп, өзіңізді бақытсыз сезінесіз.

• Өзіңізді басқалармен салыстыру. Өзіңді әрдайым біреумен салыстыру өміріңе қанағаттануды төмендететін әдістердің бірі екен. Бұл реніш пен қызғанышқа әкеледі. Бақытты адамдар басқа адамдардың не істеп немесе қайда жүргенінде шаруасы болмайды. Олар өз өмірімен жүреді.

• Күшіңізді асыра бағалау.  Барлығына шектеу бар. Ғалымдардың айтуынша, бір күні гормондар күйзеліспен күресуді тоқтатады, сол кезде өзіңізді жабыңқы сезінесіз. Сондықтан, арасында толыққанды демалысқа уақыт таба біліп, энергия жинап алу керек. Дұрыс ұйқы – күшті қалпына кетіретін ең жақсы әдіс.

• Бақытты болуға кедергі бар деп ойлау. Үлкен үйіңіз немесе жоғары еңбекақы болғанда бақытты боламын деп ойлау қателік. Адамдар ол кезде жаңа шаруа шығатынын ұмытып кетеді. Сондықтан, қазіргі уақытпен бақытты өмір сүре білу керек.

Шын мәнісінде, жайлы өмір - шүкіршілік пен қанағатта екен. Жағдайыңның жақсы болғанын бәрі қалайды ғой. Денсаулық та болса, дүние де болса дейміз. Бірақ соған жету үшін адами құндылықтарды сырып тастап тыраштанып кететініміз ай... Бола берсе, бола берсе екен дейміз... Қазір қолыңыздағы болғанды, барды бір қарап көрейікші...

Дәл қазір бақытты болайықшы, әрбір сәтті бағалап, әрбір күнді бағалап бақытты болайық❤️

Белсенді болыңыз🥳⠀Постты оқымай тұрып белсенді оқырманым екеніңізді ❤️ баса кеткеніңізден біле отырайын😘.⠀Жалпы, қай жер...
06/07/2023

Белсенді болыңыз🥳

Постты оқымай тұрып белсенді оқырманым екеніңізді ❤️ баса кеткеніңізден біле отырайын😘.

Жалпы, қай жерде болмасын белсенді болған өзіңізге жақсы. Өмірдің онлайн болсын, оффлайн болсын тұсында жан-жақты және етіміз тірі болса бәріне үлгеріп, жақсы жаңалықтардан құр қалмас едік.

Қазіргі әлеуметтік желілердің дүркіреп тұрған заманында ақпарат өте көп. Әрбір көріп, оқып жүрген парақшаларымыздың берген ақпараттарын фильтрлеп отырмасақ, жағдайымыз қиын. Қажетті де, қажетсіз де ақпараттармен миды ашытып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмайтын халге жетіп жатырмыз.

Мидағы керексіз, #мусор ақпараттар сіздің энергияңызды жейді, ойыңызды шашыраңқы етіп, есте сақтау қабілетіңізді төмендетеді. Содан сіз күні бойына шаршаңқы күйде ештеңе үлгермей зіл басып жүретініңіздің бірден-бір себебі осында да болуы әбден мүмкін.

Дәл қазір #подписки бөліміндегі 1045 керексіз парақшаларыңыздан #отписка жасаңыз. Өзіңізге керекті, пайдалы деген парақшаларды қалдырыңыз. Бірден 1000 парақшадан отписка жасап, блокқа кетіп қалмаңыз☺️, ең көп дегенде 100-150 парақшадан шығып, арасына 1-2 сағат салып келесі парақшаларды өшіріп отырыңыз. Сол кезде инстаграм сізге керекті парақшаларыңызды жиі лентаңыздан шығарып тұрады. Және сол парақшаларда белсенді оқырман болыңыз🌹. ОСЫДАН КЕЙІН БІР ЖЕҢІЛДЕП ҚАЛАСЫЗ ОТВЕЧАЮ😀.

Менің де парақшамды жоғалтып алмас үшін ❤️ аямай басып, коментарийлеріңізді 📝жазып, стористерімде кері байланыс жасап, тегін #реакцияларыңызды жіберіп #АКТИВИСТКА болыңыздар. Сонда сіздер парақшамдағы жақсы-жақсы жаңалықтардан, пайдалы ақпараттардан, супер жеңілдіктерден қапы қалмайтын боласыздар.

Менің парақшама не үшін тіркелдіңіз? Сіз үшін пайдалы парақша деп есептейсіз бе? Парақшамды кімдерге ұсынар едіңіз? Төменге жаза кетіңіз, бәрін оқитын боламын👇🌹

САКРАЛДЫ СЕКСУАЛДЫЛЫҚ деген не?⠀Қандай тақырыптар кіреді? Нені үйренеміз? Жалпы бұл тренинг не жайында деген сұрақтарға ...
04/07/2023

САКРАЛДЫ СЕКСУАЛДЫЛЫҚ деген не?

Қандай тақырыптар кіреді? Нені үйренеміз? Жалпы бұл тренинг не жайында деген сұрақтарға бүгін яғни 4 шілде 22:30 да ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ жауап беретін боламын.

Сонымен қатар, тренингке КЕРЕМЕТ ЖЕҢІЛДІКПЕН тіркеу ашамын, қапы қалмаңыздар! Бұрын соңды айтылмаған супер ақпараттар, праработкалар берілетін БУМ ТРЕНИНГТЕН қалып кетпеңіз😍.

Мен СІЗДІ ЭФИРІМДЕ КҮТЕМІН❤️🌹

Бұрынырақта бір әпкеміз болған екен, жұбайымен ұрысса бөлмесінен шықпай үш күн  үш түн тамақ ішпей жата береді екен. Жыл...
01/07/2023

Бұрынырақта бір әпкеміз болған екен, жұбайымен ұрысса бөлмесінен шықпай үш күн үш түн тамақ ішпей жата береді екен. Жылына бір төрт бес рет жұбайымен солай қатты ұрысса керек, дәл осындай жағдай жылына тура төрт бес рет қайталанады екен. Отандасқардарына 25 жыл болғанда әлгі әпкеміз ойланады екен:

" Мақұл, мен ғой бөлмемнен шықпай аштық жариялап жатамын. Мынау не істейді екен өзі" деп ойланады. Күйеуі әйелінің бұндай әдетіне әбден үйреніп алса керек, ондай кезде үйінен алысырақта орналасқан бағына достарын шақырып, барынша көңіл көтереді екен.

" Ммм, мен қайғырып жатсам, бұл көңіл көтереді екен ғой, көрсетейін мен оған " деп, күйеуі келгенде ыдысты да сындырып, киім кешекті де шашып қайтадан ұрыс шығарыпты.

Күйеуі әйелінің мына түрін көріп, қуанып кетіпті. Ыдыстардың сынғанына да, әйелінің киімдерін жыртып айқайлағанына да, көрпелердің құлағанына да жымия қарап тұра беріпті...

Қалай ойлайсыз, күйеуі әйелінің бұл әрекетіне неге қуанды?

Энергия десе, шаршамайтын әйелді көзімізге бірден елестететініміз рас. Бірақ әсте олай емес. Жалпы әйелдік энергия қашан...
30/06/2023

Энергия десе, шаршамайтын әйелді көзімізге бірден елестететініміз рас. Бірақ әсте олай емес. Жалпы әйелдік энергия қашан "аңқып", қашан сізден нұр шашып тұрады? Оны үнемі өзіңде ұстап тұрудың, ол арқылы басқаларға қалай "әсер етуге болады?"

Тізбектеп шығайын, ал сіз түртіп отырыңыз👇

• Сөз таластырмаңыз, шағым айтпаңыз, салыстырмаңыз! Жұмсақ, мейірімді болып өзіңізге және басқа әйелдерге де қошемет айта біліңіз;

• Айқайлап ұрыспаңыз, ол сіздегі ер адамның энергиясын арттырып жібереді. Жұмсақ әрі жақсы сөйлеуді әдетке айналдырғаныңыз жөн;

• «Мен істей аламын!» деген сөзді сирек қолдануға тырысыңыз. Бұл ер адамдарға тән қасиеттің нышаны. Оның орнына «Мен қалаймын» дегенді қолданыңыз. Бірақ өзіңіздің нені қалайтыныңызды анықтап алыңыз.

• Өзіңізге уақыт бөлуді кейінге қалдырмаңыз. Қазір ойға алдыңыз ба, қазір жасап көруге тырысыңыз.

• Жүрсіңізге көңіл бөліңіз. Бас салбыраңқы, иық түсіңкі, бүкір жүріс болса, энергия жайлы ойламай ақ қойыңыз. Ондай әйелден энергия екі метр қашықтықта қашып жүреді. Біліңіз, әйелдің әдемі жүрісі, сау омыртқадан…

• Нәзіктік, сыпайылық, көркем сөйлеу, жымиған күлкіні тек картина ретінде елестетпей, іс жүзінде өміріңізде пайдалана біліңіз.

• Денеңізбен қоса әйелдік ағзаларыңызды шынықтырып отырыңыз. Бұл өз кезегінде гормондардың тепе теңдігін сақтап, табиғатыңызға тән әрекет етуді үйретеді.

Рас, әйел энергиясын, сексуалдылығын қайта қалыптастыруда жаттығулар мен практикалардың маңызы өте зор. Айтпақшы, энергияны да өзіңде жеткілікті ұстау, сакральды сексуалдылығыңызды оятып, қалыптастырудың құпиясы да бар🤫

Ой мына түріммен жаттығулар мен практикалардың қалай жасалатынын айтып қоймайын☺️

Оны тек 1 күндік оффлайн тренингте айтатынымды білесіздер ғой). Тренинге жазылып алыңыз да пайдасы ұшан теңіз қазынаға тап болдым деп ойлай беріңіз! Қалтаңызда өмірлік бинго бар деп есептеңіз😍🥰

Расымен САКРАЛДЫ СЕКСУАЛДЫЛЫҚ тренингі сондай, өмірлік бинго! Біле білсеңіз! Толық ақпарат алу үшін жекеге жазыңыз немесе төменге қатысамын деп жазсаңыз жекеңізге шығамын❤️


#әйелэнергиясы #әйел

Сакралды сексуалдылықты қалыптастыруға арналған практикалардан тұратын 1 күндік тренинг.⠀Сексуалдылық деген не жалпы?🤷‍♀...
29/06/2023

Сакралды сексуалдылықты қалыптастыруға арналған практикалардан тұратын 1 күндік тренинг.

Сексуалдылық деген не жалпы?🤷‍♀️

Көбіміз #Сексуалдылықты #Вульгарность, яғни тұрпайылықпен шатастырып жатамыз. Дереу көзімізге көкірегін ашыңқырап, етегін тылтитып, белімді көрдің ба деп барынша буынған, көзі ойнақтаған, еркектің назарын ұятты жолмен аударып жүрген әйелді елестетуіміз мүмкін. Не керек тұрпайы бір образ! Эххх ханымдарым, мүлдееем олай емес.

Сексуалдылық деген образ емес, сіздің болмысыңыздың физикалық, эмоционалдық, рухани және энергетикалық күйімізді біріктіретін Алланың берген нығметі. Ия, ия Сексуалдылық - Алланың бізге берген сыйы, біз оны менталитеттегі орынсыз тыю, өмірдің сан-қилы сынақтары мен бітпейтін күйбең тірліктің арқасында жоғалтып алдық, тіптен тануға тырыспадық!

Тіпті, бүл сөздің өзін айтуға қысыламыз, тартынамыз. Ұят деп ойлаймыз! Ешқандай да ұятты арсыздықтың бір де бір тамшысы жоқ бойымызда өмір сүретін керемет қуат көзі.

Шымқалада бірінші рет, онлайнда болмаған - 1 күндік тренингте өз бойыңыздағы осы қуат көзін ашуға, бойыңыздағы осы энергияны оятуға, тыңдауды, сезінуді үйренуге көмектесетін түрлі сексуалды практикаларды үйренеміз, меңгереміз. Миды басқару арқылы денеге әсер ете, денені басқара отырып миға әсер ете отырып сексуалдылығымызды табиғи жолмен қалыптастырамыз. Психология тұрғысында бойымыздағы блоктардан арылып, ағзамызда жүру керек болған процестерді оятып, оны қалыптастырып, жетілдіріп, оның әрі қарайда болуына осы 1 күндік тренингтегі супер көптеген практикалар көмектеседі.

Уайымыңыз басып жалғызсырап, өз-өзіңізге сенімсіз болып, белгісіздік пен болашақтан қорқып жүрсіз бе? Мәселеңізді жабатын, бірақ уақытша әрекет ететін сиқырлы #таблеткаларды іздеп шаршадыңыз ба? Бір-бірінен аумайтын күндер сериясынан қалай шығуға және ішкі күш пен ресурсты қалай ашуға болатынын білмей жүрсеңіз онда бұл тренинг сізге арналған! ӨМІРІҢІЗДІҢ ӨЗГЕРУІ СІЗДІҢ БІР ҒАНА ШЕШІМІҢІЗДЕ!

Сіздерді 1 күндік тренингімде - өз денеңіз бен психикаңызға тереңдеуге, тыңдау мен қабылдауға, емдеу және сүюге шақырамын. ЖАЛҒАСЫН ЛЕНТАНЫ ЖЫЛЖЫТЫП ОҚИ АЛАСЫЗ👆👉

#сексуальность #сакралдысексуалдылық
#сакральнаясексуалность #сексуалдылық #әйел

Зулхиджа айының тоғызы яғни бүгін Арапа күні. Осы орайда Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған ам...
27/06/2023

Зулхиджа айының тоғызы яғни бүгін Арапа күні. Осы орайда Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.

1️⃣ АРАПА - жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі

🔹️ Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды».

✍ әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460

2️⃣ АРАПА ОРАЗАСЫ екі жылдық күнәлардың өтеуі

🔹️"Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін..."

✍Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384

3️⃣ Ең абзал дұға – АРАПА күнінде

🔹️ Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:

«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген.

✍ Тирмизи, 534/5, 3585

🔹️ Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.

4️⃣ ТОЗАҚТАН адамдар босатылатын күн

🔹️ Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)

5️⃣ ШАЙТАННЫҢ қорланатын күні

🔹️ Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.»

✍ Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013

6️⃣ КЕШІРІМ күні

🔹️ Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі».

✍ Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251

Жазба ұнады ма?😊

ОФФЛАЙН ТОПТЫҚ ИМБИЛДИНГ КУРСЫ⠀Бұл сабақ құнына нелер кіреді?⠀✓ Сабақтың ұзақтығы: 2-3 ай✓ Аптасына 2 рет посещение✓ Бар...
26/06/2023

ОФФЛАЙН ТОПТЫҚ ИМБИЛДИНГ КУРСЫ

Бұл сабақ құнына нелер кіреді?

✓ Сабақтың ұзақтығы: 2-3 ай
✓ Аптасына 2 рет посещение
✓ Барлық Имбилдинг жаттығуларын үйрене аласыз
✓ Психологиялық сабақтар болады
✓ Тренажерыңыз бар болса, онымен жұмыс жасауды да толығырақ үйреніп аласыз.

Кімдерге қатысу керек?

• Операцияға жеткізгісі келмейтін әйелдік аурулар, миома, киста, опущение матки
• Медициналық емдеулерден нәтиже шықпаған: гормоналды дисбаланс, трубка бітелу, аналык бездің толық жұмыс жасамауы, фолликула жарылмауы, ерте климакс, варикоз малого таза, бала көтере алмау;
• Босану кезінде болған разрыв пен қиындықтардан соң тезірек қалыпқа келгісі келетін ханымдар, сезіне алмау, оргазмның болмауы;

Денсаулық, бала деп талай есік пен таудың етегін тоздырдыңыз деп ойлаймын. Әйелдік ағзаңызды түсініп, қабылдап, онымен жұмыс жасау арқылы табиғи жолмен өзіңізді емдеңіз.

Видео соңында отзывтар бар, қарап шықсаңыз болады.

Орталық Шымкент қаласында орналасқан. Курсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп қатысып жатқан ханымдарым баршылық. Денсаулықты бірінші орынға қоятын ханымдарға бас иемін❤️.

Алғашқы топ ханымдары сабақты ойдағыдай өткізіп аяқтап кетті. Екінші топқа тағы 1 ханым қабылдаймын. Жалпы, топта 5 ханым болады, әзірге 4 ханымым бар. Тез арада көмекшіме жазып, соңғы 1 орынды алып қалыңыз.

• Топтық офлайн Имбилдинг курсы бойынша 200 000 тг бөліп төлеу арқылы, егер күрделі мәселеңіз болса 100000 тг жеңілдік

Ал, бірден перевод/наличка арқылы төлем жасасаңыз:

•Топтық сабақ 180 000 тг / күрделі мәселеңіз болса 100000 тг

Сабақтарға қатысу жөнінде тікелей ватсапқа жазсаңыздар болады.

8 701 407 52 52

#ЭльмираЛотос
#Рассрочка
#бөліптөлеуқазақстан
#имбилдинг

Өлшеулі өмірдің бір күні тек СІЗ үшін ғана арналуы керек.⠀Күйеусіз, баласыз, ата-енесіз тек өзіңізге бір күнді арнаңыз!⠀...
23/06/2023

Өлшеулі өмірдің бір күні тек СІЗ үшін ғана арналуы керек.

Күйеусіз, баласыз, ата-енесіз тек өзіңізге бір күнді арнаңыз!

Не үшін?

😴Асықпай тұрып, асықпай таңның керемет басталғанын сезіну үшін.

🌮Өзіңіз үшін ерекше таңғы асты дайындап, асықпай терезеге қарап табиғаттың тыныштығын сезіну үшін.

🚶‍♀️Қала орталығына шығыңыз. Жаяу асықпай серуендеңіз. Қала көшелеріндегі биік ғимараттар мен талғаммен жасалған әрбір әдемілікті сезініңіз.

💍Көздің жауын алар әдемі орындарға кіріп көріңіз. Бұрын өзіңізге рұқсат етпеген қымбат нәрсені ең болмаса көруге, жанына жақындауға рұқсат етіңіз.

🧘Сыртқа шыққыңыз келмесе, сүйікті киіміңізбен үйде болыңыз. Үй жинамаңыз, уборканы бір күнге ұмытыңыз.

🥧Көптен ойлап жүрген тәттіңізді пісіріңіз. Оның аңқыған иісі мен тіл үйірер тәтті дәмінің рахатына бөленіңіз.

🧖‍♀️Жәй ғана "поваляйтесь дома" Жылы пледке оранып, кино көріңіз, кітап оқыңыз. Өзіңізбен өзіңіз болыңыз. Ойыңызды, миыңызды демалдырыңыз.

ПОБАЛУЙТЕ СЕБЯ!

Өзіңіз бір күнді арнау - сіз үшін үлкен демалыс ❤️

Уууу, көзіңізге елестеп, қиялдап кеттіңіз бе? Қиял күйінде қалып кетпесін, іске асырыңыз 😉

P.s: бала шағаны бір күнге апасына, әжесіне жіберіңіз. Жақсылап ойланыңыз #выход бар.

Тек өзіңізге ғана арналған бір күн! Не істейсіз? Ертең, яғни күн яғни сенбі жексенбі😉

#өзіңізүшін
#өмір #өмірғажап
#мен #меніңөмірім

Өзімізді түсіну қиын⠀Өйткені біз де нақты не қалайтынымызды білмейміз)⠀Әйелді түсінудің бес жолы, он жолы, үш техникасы ...
22/06/2023

Өзімізді түсіну қиын

Өйткені біз де нақты не қалайтынымызды білмейміз)

Әйелді түсінудің бес жолы, он жолы, үш техникасы деген нәрсе де жоқ, ия!? Әйтпесе осы уақытқа дейін, ерлер арасынан коуч пен психологтар көбейіп кетер еді, ә!?

Бұның өзі нені айтып тұр ханымдар!? 🤷

ЗАЙМИТЕСЬ СОБОЙ!

✓ Өзіңмен алыс!
✓ Өзіңе уақыт бөл!
✓ Өзіңе күтім жаса!
✓ Өзіңнің қате кемшілігіңді өзің ғана жөнде!
✓ Өзіңе не қажет, соны анықта!
✓ Мақсатыңа қарай бет ал!

Сол арада күйеудің де саған көзқарасы өзгеріп, қызығушылығы артады. Өзің не қалайтыныңды анықтап алсаң, күйеуге де жеткізудің амалын табасың. Ал күйеу нақты бір жолды біліп алса, қопара алмайтын тауы қалмайды. Қиылғанда қыз болып, еркелегенде еркесі болып, сырласқанда "әйелі" болып әрекет ете алуыңыз керек. Бұның өзіне гормондар әсер етеді деп 💯 айта аламын.

Басшылыққа әйел келді дегенше, апат келді деген сөз бар. Нағыз басшы адамның бірден бір қасиеті - әділеттілігі. Ал бізде әйелдерде #цикл деген бар, яғни гормондарда тұрақтылық болмайды. Ал тұрақтылық болмаған соң эмоцияға жол беріп қоямыз, #неадекватность орын алады.

Сол үшін де сабақтарымның барлығында әйел адамның өмірінде "гормондардың" маңыздылығы зор болғандықтан, гормондарды тұрақтандырып отыратын жаттығуларға көп акцент беремін.

Сондықтан, гормондардың "тұрақтылығына" мән беріп отырыңыздааар☺️

#әйелдер #әйелдерай
#түсінуменкешіру

ЭКОНОМИСТТЕН КОСМЕТОЛОГҚА...⠀Студенттік шағымды өзінше бір әдемі түстермен әрлеген экономика факультеті мен үшін қашанда...
21/06/2023

ЭКОНОМИСТТЕН КОСМЕТОЛОГҚА...

Студенттік шағымды өзінше бір әдемі түстермен әрлеген экономика факультеті мен үшін қашанда ыстық ❤️

Естен кетпес сәттер, қызығы да, сол кездегі болмашы қиындықтар да мен үшін үлкен естелік әрі болашаққа үлкен сабақ болды.

Экономика факультетінің дипломын алсам да, маған мендегі бет мәселесі маза бермеді. Күн сайын бетімді әрлеп, жасырған сайын бәрі кері кете берді. Сонымен, мен косметология саласына толыққанды бет бұруды жөн санадым.

2009 жыл... Шымкент... Мен және мен қызыққан косметология...

Осылайша мен косметология саласына алғашқы қадамымды бастым. Алғашында бәрі бірден күшті болып кетпеді, қиындық пен қателік кез келген жерде болады және ол мені айналып өтпеді. Бірақ мен тоқтамадым, Алматыға жол тарттым. Тәжірбиесі мен біліктілігі өте жоғары мамандардан оқыдым, кейін жыл сайын осында біліктілігімді арттырып отырдым. Алланың қалауымен он екі жыл ішінде он бір сертификатты қанжығама байлап, өз бет терімдегі мәселемді шешіп қана қоймай, басқа жандарға көмектесе алдым, шүкір!

Ең алғаш косметолог ретінде жұмысымды Шымкент қаласындағы Ж.Тыныбаев көшесінде орналасқан "Аружан" салонынан бастадым. Косметолог ретінде толыққанды әрі белсенді жеті жыл жұмыс жасадым. Тұрақты косметолог ретінде жұмысымды "Голденкласс" салонында аяқтадым. Кейінірек денсаулығыма байланысты Имбилдинг саласына бет бұрдым. Бірақ тұрақты клиенттерім үшін косметолог болып қала бердім...

Бірнәрсе айтайыншы:

Косметологқа тек ақшасы барлар мен еріккендер бармайды. Көбісі солай ойлайды. Процедуралар өте қымбат және тиімсіз деп ойлайды. Бірақ түк те олай емес. Өзіңіз үшін екі айда бір рет барып демалып қайтсаңыз соның өзі бет теріңіз үшін үлкен көмек.

Ал, бара алмаймын, ауылдамын дейтіндер үшін үй жағдайында салондағыдан кем емес бет күтімін жасауды 2 күндік Сапалы әйел курсымда үйретемін.

Бағасы: 5000 тг (өмірлік білім мен бетіңіздің күтімі үшін арзымайтын баға)

Басталуы: 26 маусым
Өтілу уақыты: 2 күн
Сақталуы: 14 күн
Кері байланыс чаты бар

Реквизит міне 👇
Каспий голд / Народный банк
Номер: +7778 155 01 01 Эльмира С.
8 701 407 52 52 ватсап номерге 👇
🔹️чек,
🔹️атыңызды жазыңыз

Сізді тіркеп қоямыз🤗💐

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Эльмира Лотос posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

  • Want your practice to be the top-listed Clinic?

Share