Furqan Club

Furqan Club Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Furqan Club, Vitamins/Supplements, busineshub 2, Shymkent.

17/09/2026

Ассалаумағалейкум, қыздар! 🤍
Бұл жолы оқырмандар клубында «Ғайыптан келген мейірім» кітабын талқыладық.📖
Қыз баланың ой-өрісін кеңейтетін, жүрекке ой салатын, өмірге басқа қырынан қарауға себеп болатын дүниелерді бірге оқу — өзіміз үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды.

Өйткені кітап оқитын, ізденетін, өзін дамытатын қыз —
ертеңгі отбасының да, ортасының да тәрбиесіне әсер етеді. 🌿

Сондықтан, қыздар, кітапты бірге оқиық.
Бір кітап — бір жаңа ой.
Бір жаңа ой — бір өзгерістің бастауы. 🤍

Ал сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба?
#оқырмандар #қыздарклубы #даму

09/08/2026

📚 Бүгін — «Зобалаң» кітабы төңірегінде ой бөліскен кезекті кітап талқылауымыз.Фурқан оқырмандар клубының қыздарымен бас қосып, бір кітапты әр қырынан танып, ойымызбен бөлісіп, жүрекке түйерімізді бірге сараладық.

Бұл кітапты оқи отырып, біз бір ғана дәуірдің қасіретін емес, сол қасіреттің арасынан сынбай өткен халықтың рухын таныдық.
Ата-бабамыз бізге мол дүние емес, осы күнге жеткен елдікті, еркіндікті, сабырды аманат етті.
Ендеше бүгінгі бейбіт күнімізді бағалап, ертеңгі ұрпаққа қандай із қалдырамыз?
Өткенін таныған ұрпақ — бүгінін бағалайды.
Бүгінін бағалаған ұрпақ — болашағын өзгертеді. Кітаптың құндылығы — оны оқып бітіруде емес, оқығаныңнан кейін ойыңның өзгеруінде.
«Зобалаң» — өткеннің тарихы ғана емес, бүгінгі бізге қойылған үнсіз сұрақ. #рек

26/06/2026

Бүгін ұстазымызбен бірге Ең бақытты әйел кітабы бойынша ерекше кітап талқылауын өткіздік.

Бұл кітап бізге әйел бақытының сыртқы жағдайға емес, адамның ішкі дүниесіне, өз құндылығын сезінуіне, дұрыс таңдау жасап, саналы өмір сүруіне байланысты екенін тереңірек ұғындырды.

Әр қыздың өмірінде ойланатын, өзіне сұрақ қоятын, шабыт алатын сәттері болады. Сол сәттерде бұл кітап сенімді серік бола алады. Әсіресе, бойжеткендер мен жас келіншектер үшін өте пайдалы еңбек деп ойлаймын.

Осындай мазмұнды кездесуді ұйымдастырған қыздарымызға алғысымыз шексіз. Әр талқылау жаңа ой, жаңа көзқарас сыйлайды.

Егер әлі оқымаған болсаңыз, міндетті түрде оқып көріңіз. Мүмкін, дәл осы кітап сіздің өміріңізге жаңа көзқарас сыйлар. 💛 Kazakhstan 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

29/05/2026

Құрбан айт — тек мереке емес, жүректердің жақындасуы 🤍

Кешкі самал, ашық аспан астындағы әдемі жүздесу, ұстаз бен шәкірттің тағылымға толы әңгімесі…

Бауырмалдықты арттырып, бір-бірімізді жақсылыққа шақырған ерекше кеш ✨

Алла бірлігімізді баянды етіп, әр басқосуды берекелі етсін 🤲🏻🌙

17/05/2026
17/05/2026

Фурқан аруларымен бірге осы ай «Абай жолы» І томын талқылай отырып, бір нәрсені анық түсіндік:

Заман өзгерсе де, адам болмысы, тәрбие, әділдік пен білімнің құндылығы өзгермейді.

Бұл шығарма бізге қазақ халқының бұрынғы тұрмысын, Абайдың жүріп өткен жолын тереңірек ұғындырды.
Абайдың әжесі мен анасының өнегелі сөздері мен тәрбиесі оның тұлға болып қалыптасуына негіз болды.

Қазақ әдебиетінің терең мағынасына үңіліп, құнды ойлар түйдік.

Сіздерге де «Абай жолы» І томын оқуға кеңес береміз.

Абайдың өсу жолы — әр оқырманға ой салатын рухани сапар 📚


#қазақәдебиеті
#абайжолы

06/05/2026

Кеше Алланың қалауымен ортамыздан Гүлсінай бауырымызды құтты орнына қондырдық. Бауырымызға тілеріміз екі дүниеңізге де хайырлы некелерден болсын! Аллаһ берекелі отбасылардан қылғай ❤️Біз сізді шын жүректен қатты жақсы көреміз 🥹❤️

07/04/2026

Address

Busineshub 2
Shymkent
160000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Furqan Club posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share