23/07/2026
Балаңыздың дамуын бақылау — оның болашағына жасалған маңызды қадам 🤍
Әр баланың даму қарқыны әртүрлі болғанымен, белгілі бір жас кезеңдерінде қалыптасуы тиіс маңызды дағдылар бар. Баланың атына қарауы, көзбен байланыс орнатуы, сұқ саусағымен көрсетуі, сөздерді түсінуі және сөйлеуі, зейін қоюы, ойлауы мен моторикасы — оның жалпы дамуының маңызды көрсеткіштері.
Егер балаңыздың дамуында өзіңізді алаңдататын қандай да бір белгі байқалса, «өзі түзеліп кетеді» деп күтпей, маманға ертерек жүгінген дұрыс. Ерте басталған коррекциялық жұмыс баланың әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді. 🌱
📌 Постты сақтап қойыңыз және балаңыздың жасына сай даму кезеңдерін жақындарыңызбен бөлісіңіз.
🤍 «Сөйле Балам» — әр баланың мүмкіндігіне сеніп, нәтижеге бірге қадам басамыз!