Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облыстық филиалы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Türkistan
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облыстық филиалы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облыстық филиалы Медицина саласына енгізілген МӘМС жүйесі бойынша ақпараттарды тарату

28/08/2026

Тиімділікті арттыру және шығыстарды оңтайландыру: МӘМС-те 4 млрд теңге негізсіз төлемдердің алды алынды, жекеменшік мектептерді қаржыландыруда 8 млрд теңге үнемделді

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық құралдарды қолдана отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қаржылық тәртіпті күшейтуге және негізсіз төлемдерді қысқартуға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.

Әлеуметтік салада бұрын медициналық көмек пен жеке білім беруді қаржыландыру тәсілдері қайта қаралды, мәселен, цифрлық құралдар қаражатты аударғанға дейін бұзушылықтарды анықтауға, қолмен есептеулерді алып тастауға және бюджетті нақты көрсетілген қызметтерге бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шығыстардың көлемі ғана емес, бюджет қаражатын басқару тәсілінің өзі де өзгеруде – тәуекелдер мен ықтимал заңбұзушылықтар төлемдер жүргізілгеннен кейін емес, бюджет қаражатын аударғанға дейін де анықталуда. Алдын алу тетіктері енгізілуде, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері біріктірілуде, есептеулер мен тексеру рәсімдері цифрлық форматқа ауыстырылуда.

Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде елеулі қаржылық әсер беріп отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында антифрод-тетіктер төлемдер жүргізілгенге дейін 4 млрд теңгеден астам сомаға ақауларды анықтады. Жеке мектептерді қаржыландыруда қолмен есептеу тәсілдерін алып тастау және ашық цифрлық құралдарға көшу есебінен 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында бюджетті үнемдеу 8 млрд теңгені құрады.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

27/08/2026

👩‍⚕️Дәрігерлер тұрғындарға жолдамасыз кеңес берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалы мен Түркістан қалалық емханасы бірлесіп, «Ханшайым Plaza» сауда орталығында тұрғындарға арналған «Денсаулық бұрышын» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тұрғындар жолдамасыз:
🔹 ЛОР дәрігерінің;
🔹 эндокринологтің;
🔹 педиатрдың;
🔹 жалпы тәжірибелік дәрігердің;
🔹 невропатологтің кеңесін алды.
Сонымен қатар мамандар тұрғындарға МӘМС жүйесіне қатысу тәртібін түсіндіріп, сақтандыру мәртебесіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Бұл — күнделікті жұмысына байланысты емханаға баруға уақыт таба алмай жүрген тұрғындар үшін дәрігерлерден кеңес алып, денсаулығына көңіл бөлуге жасалған қолайлы мүмкіндік.
📌 Осындай халыққа қолжетімді медициналық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, саты...
27/08/2026

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, сатып алу, мониторинг пен төлем жасауды кезең-кезеңімен Qalqan цифрлық сервисіне көшіруді жалғастыруда.

🩺 Медицина қызметкерлері бұрыннан қалыптасқан медициналық ақпараттық жүйелерде жұмысын ары қарай жалғастыра беретінін атап өту маңызды.

Qalqan көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады, деректерді қайтадан қолмен енгізу қажеттілігі жоқ, әрі медицина қызметкерлері емдеу жұмысынан алаңдамайды.

💳 Бірінші кезеңде медициналық көмекке төлем жасау процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Qalqan арқылы төлем жасаудың толық циклі Астана қаласының үш медициналық ұйымы базасында жүргізілді. Төленген медициналық көмектің жалпы сомасы 2,97 млрд теңгені құрады.

🧪 Медициналық көмектің 92 түрі мен кіші тармағының 20-сы бойынша төлем жасаудың толық циклі сынақтан өтті.

Тағы 60 түрі мен кіші тармағы бойынша 16 медициналық ұйым базасында пилоттық сынақ жалғасуда. Сынақтан өткізу аяқталуына қарай пилоттық жоба кезең-кезеңімен кеңейтіле береді.

Толығырақ msqory.kz

🔄 Фонд социального медицинского страхования продолжает поэтапный перевод в единый цифровой сервис Qalqan четырех ключевых бизнес-процессов финансирования медицинской помощи: планирования, закупа, мониторинга и оплаты.

🩺 Важно отметить, что медицинские работники продолжают работать в привычных медицинских информационных системах.

Qalqan автоматически получает из информационных систем необходимые сведения об оказанной медицинской помощи, не требуя их повторного ручного ввода и не отвлекая медицинских работников от лечебной работы.

💳 На первом этапе проводится перевод процесса оплаты медицинской помощи на цифровую платформу.

На сегодняшний день полный цикл оплаты через Qalqan проведен на базе трех медицинских организаций Астаны. Общая сумма оплаченной медицинской помощи составила 2,97 млрд теңге.

🧪 Полный цикл оплаты протестирован по 20 из 92 видов и подвидов медицинской помощи.

Подробнее msqory.kz

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

26/08/2026

Жеке клиникада МӘМС бойынша тегін ем алуға бола ма?

Егер жеке клиника Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан болса, сақтандырылған азамат МӘМС аясында медициналық қызметтерді қосымша ақысыз ала алады.
Ол үшін:
✅ МӘМС мәртебесі болуы;
✅ емдеуші дәрігердің жолдамасын алу;
✅ Қормен келісімшарт жасасқан клиниканы таңдау қажет.
МӘМС бойынша бейінді мамандардың консультациясы, диагностикалық тексерулер, жоспарлы ем, операциялар және оңалту қызметтері көрсетілуі мүмкін.
📌 Жолдама бойынша көрсетілетін қызмет үшін пациенттен қосымша төлем талап етілмеуі тиіс.
Қормен жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың тізімін msqory.kz сайтынан көруге болады.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

25/08/2026

🏥 Пациент стационарда ем қабылдау кезінде нені білуі керек?

Қазақстанда стационарлық медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі:
🔹 ТМККК аясында — медициналық көмек сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
🔹 МӘМС аясында — сақтандырылған азаматтар дәрігердің жолдамасы және медициналық көрсетілімдер бойынша жоспарлы стационарлық ем ала алады.
Стационарда пациентке:
✅ тәулік бойы дәрігерлік бақылау;
✅ қажетті тексерулер мен диагностика;
✅ дәрі-дәрмектер;
✅ хирургиялық немесе дәрі-дәрмекпен емдеу;
✅ медициналық оңалту көрсетілуі мүмкін.
Көрсетілетін медициналық көмектің нақты көлемін дәрігер пациенттің диагнозы мен денсаулық жағдайына қарай анықтайды.
📌 Есте сақтаңыз: пациент өзіне қандай ем жүргізілетінін, қандай дәрі-дәрмек тағайындалғанын және қандай медициналық қызметтер көрсетілетінін білуге құқылы.
Егер жоспарлы түрде стационарға жату қажет болса, МӘМС мәртебеңізді алдын ала тексеріңіз.
📲 Мәртебені eGov.kz порталы, msqory.kz сайты немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

МӘМС неліктен ынтымақтастық жүйесіне негізделген?Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қаб...
24/08/2026

МӘМС неліктен ынтымақтастық жүйесіне негізделген?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қабылдайды: адам тұрақты түрде жарна төлеп, шамамен өзі төлеген сомаға тең медициналық қызмет аламын деп күтеді. Әлеуметтік желіде МӘМС жүйесін жойып, жеке жинақ шоттарына көшуді немесе бұрынғы бюджеттік модельге қайта оралуды ұсынатын пікірлер жиі кездеседі.

Алайда денсаулық сақтау саласындағы негізгі экономикалық заңдылық қарапайым: медицина неғұрлым заманауи болған сайын, оның құны да соғұрлым жоғары болады.

Елестетіп көріңізші: сіз тұрақты түрде жарна төлеп, бұл қаражат болашақта өзіңізді емдеуге қажет болады деп ойлайсыз. Ал егер сізге күрделі ота немесе қымбат емдеу қажет болса ше?

Орташа көрсеткіштерге сүйенсек:
🔹 Жұмысы бар азамат жылына шамамен 276 780 теңге аударады
🔹 Дербес төлеуші - 51 000 теңге

Отбасыңызда бала, жасы үлкен ата-ана ауырып қалса немесе шұғыл медициналық көмек қажет болса, бұл қаражат жете ме? Әрине, жетпейді. Ауыр дертті емдеу құны жеке жинақтардан бірнеше есе көп.

Карусельден жиі кездесетін және ең қымбат емдеудің нақты бағасын көрсеттік.

Қазақстанда МӘМС жеке жинақтау есебі емес, ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істеуінің де себебі осы:
✅ Барлық жарналар ортақ қорға біріктіріледі.
✅ Медициналық көмектің көлемі сіз аударып отырған төлемдердің сомасына емес, медициналық көрсетілімдерге байланысты белгіленеді.
✅ Ауыр дертке шалдығу жағдайлары миллиондаған қатысушылар арасында бөлініп, әрбір отбасын үлкен шығындардан қорғайды.

«Ал ақшаның жұмсалуын бақылау қалай жүзеге асады?»
Қаражаттың қайда кететінін көру және бақылау үшін жүйені жинақтаушы үлгіге ауыстырудың қажеті жоқ. Қорда «халықтық бақылау» тетігі іске қосылуда: eGov Mobile мен Жеке кабинетте көрсетілген қызметтердің тарихын, олардың бағасын көріп, қабылдауды растап, дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалай аласыз.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

Почему система ОСМС - солидарная?Обязательное социальное медицинское страхование иногда воспринимают как персональный сч...
24/08/2026

Почему система ОСМС - солидарная?

Обязательное социальное медицинское страхование иногда воспринимают как персональный счет: человек регулярно перечисляет взносы и ожидает получить медицинские услуги примерно на ту же сумму. В соцсетях часто предлагают закрыть ОСМС и перейти на личные накопительные счета или вовсе вернуться к прежней бюджетной модели.

Однако главная экономическая закономерность здравоохранения проста: чем современнее медицина, тем дороже она становится.

Представьте: вы регулярно платите взносы и думаете, что эти деньги копят вам на лечение. Но что, если завтра понадобится сложная операция или дорогостоящее лечение?

Курс терапии при онкологии, трансплантация органов, операции на сердце, нейрохирургия, выхаживание недоношенных детей - это десятки миллионов тенге.

Если считать по средним показателям:
🔹 Работник за год вносит около 276 780 тенге
🔹 Самостоятельный плательщик 51 000 тенге

Хватит ли этих денег, если экстренная помощь, операция или лечение сложного заболевания понадобится вам или членам семьи? Очевидно, что нет.

В карусели мы показали реальные примеры того, сколько стоит лечение популярных и самых дорогостоящих диагнозов.

Именно поэтому ОСМС в Казахстане работает по принципу солидарности:
✅ Все взносы объединяются в общий фонд.
✅ Объем медицинской помощи зависит от медицинских показаний, а не от суммы ваших платежей.
✅ Риск тяжелого заболевания распределяется между миллионами участников, защищая каждую семью от значительных расходов.

«А как же контроль за деньгами?»
Чтобы видеть, куда идут средства, не нужно менять систему на накопительную. В Фонде запускается «народный контроль»: в eGov Mobile и Личном кабинете вы сможете видеть историю оказанных услуг, их стоимость, подтверждать прием и оценивать качество работы врачей.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

21/08/2026

Как прошел первый этап Qalqan

✅ Фонд завершил первый этап пилотирования Qalqan.

🔄 В эту систему поэтапно переводятся все ключевые бизнес-процессы – от планирования и закупа до мониторинга и оплаты медицинских услуг.

💳 Сейчас в платформу уже переносится функционал оплаты. В пилотном режиме через Qalqan проведены расчеты с тремя медицинскими организациями на общую сумму 2,9 млрд теңге.

📑 Одним из главных нововведений стал дробный акт: теперь оплату можно проводить по отдельным видам медицинской помощи и услугам, не дожидаясь формирования единого суперакта.

🔗 До внедрения прямой интеграции с медицинскими информационными системами данные продолжают поступать в Qalqan из действующих систем Фонда.

🚀 В дальнейшем платформа объединит весь цикл финансирования в единой цифровой среде и обеспечит прямой обмен данными с МИС.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

👶 Сәби өмірін сақтап қалған отаАрыс аудандық орталық ауруханасында ас қорыту жүйесінің туа біткен ауыр ақауы бар нәресте...
21/08/2026

👶 Сәби өмірін сақтап қалған ота

Арыс аудандық орталық ауруханасында ас қорыту жүйесінің туа біткен ауыр ақауы бар нәресте дүниеге келді. Өмірінің алғашқы сағаттарында-ақ Облыстық балалар ауруханасының неонатальды жан сақтау бөліміне шұғыл жеткізілді.
• 🩺 Күрделі ота: Тексеріс барысында аш ішектің туа біткен атрезиясы мен ішектің айналуы (заворот) анықталып, өмірінің алғашқы тәулігінің соңында шұғыл хирургиялық операция жасалды.
• 👨‍⚕️ Кәсіби команда: Бұл күрделі отаны Қазақстан Республикасының бас неонатальды хирургы А.А. Ерекешов пен Түркістан облысының бас неонатальды хирургы С.А. Турысбеков бірлесіп сәтті жүзеге асырды.
• 📈 Жағдайы тұрақты: Қазіргі таңда сәбидің өмірлік көрсеткіштері қалыпты, неонатальды жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің қатаң бақылауында ем алуын жалғастыруда.
📌 Еске сала кетейік, мұндай жоғары технологиялық және күрделі оталар, сондай-ақ нәрестені реанимациялық деңгейде емдеу шаралары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін әрі толық көлемде көрсетіледі.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

20/08/2026

🏥 Жеңілдік санаттарды медициналық көмекпен қамту тапсырылды

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесінде жаңа санаттағы азаматтар үшін жарналар жергілікті бюджет есебінен төлене бастады.
📌 Олардың қатарында:
🔹 ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
🔹 әлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейіне жататын, жұмыс істемейтін әрі соңғы 3 айда міндетті зейнетақы жарналарын төлемеген азаматтар бар.
Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бірлескен отырысында айтылды. Жиынға облыстың бірқатар аудандарындағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
💳 Ресми жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС жарналары жергілікті бюджеттен ай сайын автоматты түрде төленеді.
Ал D және E санатындағы азаматтарға медициналық көмекке алғаш жүгінген кезде МӘМС жүйесінде шартты түрде мәртебе беріледі.
📊 Азаматтардың аталған санаттарға жататыны туралы деректерді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырып, Қорға ұсынады. Қор осы мәліметтер негізінде МӘМС мәртебесін береді.
👩‍⚕️ Осыған байланысты медициналық ұйымдарға жеңілдік санатындағы азаматтарды дер кезінде анықтап, олардың МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмек алуына жағдай жасау тапсырылды.
📢 Сонымен қатар тұрғындарға МӘМС жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндіру, ақпараттық жүйелердегі деректерді уақытылы жаңарту және медициналық ұйымға тіркелу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
💙 Мақсат – әлеуметтік осал азаматтардың МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру.

#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН

Address

Түркістан облысы
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облыстық филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share