07/09/2026
Әр баланың жетістігінің артында үлкен еңбек, сенім және табандылық бар 🩵
⠀
Бекарыс – 2 жас 8 айлық. Туа біткен гидроцефалия диагнозы бар. Ол «Қамқорлық» ерте араласу орталығында бірнеше оңалту курсынан өтіп, мультидисциплинарлық команда мамандарымен жұмыс істеді.
⠀
Алғашқы кезде Бекарыс өздігінен зат ұстап, күнделікті қарапайым әрекеттерді орындай алмайтын. Бүгінде оның жетістігі қуантады: 2 жас 4 айында өздігінен жүре бастады, қазір бірнеше сөзді байланыстырып, анасына өзіне не қажет екенін айта алады. Қасық ұстап, бетін өзі жуады.
⠀
Бұл нәтижеге мамандардың еңбегімен қатар, анасы Аиданың қолдауы мен үйде де жаттығуларды үзбей жалғастыруының арқасында қол жеткізілді.
⠀
«Диагнозы қаншалықты күрделі болса да, алға жүру керек. Ең бастысы – тоқтамау. Мен балама сенемін», – дейді Бекарыстың анасы.
⠀
Бекарыстың тарихы – кішкентай қадамдардың үлкен жетістікке айналатынының жарқын мысалы. 🌱
⠀
«Қамқорлық» ерте араласу орталығы «Самұрық-Қазына» қоры мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен құрылды.