Городская клиническая инфекционная больница имени И.Жекеновой г.Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Городская клиническая инфекционная больница имени И.Жекеновой г.Алматы

Городская клиническая инфекционная больница имени И.Жекеновой г.Алматы Круглосуточный единый справочный центр ГКП на ПХВ "ГКИБ им. И. Жекеновой" +7 (727) 338 22 99

17/09/2026

Халықаралық тағылымдама — жаңа тәжірибе мен жаңа мүмкіндік
2026 жылғы 15–30 тамыз аралығында И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері Қытай Халық Республикасында «Ауыр зооноздық инфекциялық ауруларды диагностикалау және емдеудің жаңа технологиялары» тақырыбындағы халықаралық оқу-тәжірибелік курсқа қатысты.
Тағылымдама барысында зооноздық инфекциялардың алдын алу және бақылау, заманауи диагностика мен емдеу, зертханалық технологиялар және биологиялық қауіпсіздік бағыттары бойынша теориялық әрі практикалық білім алып, ғылыми-зерттеу және медициналық мекемелердің тәжірибесімен танысты.
Тағылымдамаға ҚазҰМУ им. С.Д. Асфендияров атындағы инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты А.М. Садыкова жетекшілік етті.
Делегация құрамында профессор Р.А Егембердиева, Науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі Л.Ж.Оспанова, қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ж.Н.Сапарқұл және 3-бөлім меңгерушісі Ш.Б.Ілесбай болды.
Халықаралық тәжірибе алмасу — кәсіби дамудың және инфекциялық қызметті жетілдірудің маңызды қадамы. Жаңа білімді тәжірибеге енгізу — басты мақсатымыз.

🩺 17 қыркүйек — Дүниежүзілік науқастардың қауіпсіздігі күніНауқастың қауіпсіздігі — бұл жай ғана медициналық термин емес...
17/09/2026

🩺 17 қыркүйек — Дүниежүзілік науқастардың қауіпсіздігі күні

Науқастың қауіпсіздігі — бұл жай ғана медициналық термин емес. Бұл әрбір медицина қызметкерінің күнделікті жауапкершілігі және сапалы медициналық көмектің маңызды бөлігі.

Қауіпсіздік науқасқа мұқият қараудан, науқасты дұрыс сәйкестендіруден, уақтылы диагностика жүргізуден, емдеу стандарттарын және инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтаудан басталады. Бұл жауапкершілік науқастың медициналық ұйымда болған әрбір кезеңінде жалғасады.

🤝 Науқас пен медицина қызметкері — бір команда.

Ауруды емдеумен қатар, науқасты тыңдау, оның құқықтарын құрметтеу, емдеудің әрбір кезеңін түсіндіру және науқас өзін қауіпсіз сезінетін жағдай жасау өте маңызды.

Қауіпсіз медицина — бұл:
✔️ мұқияттылық пен жауапкершілік;
✔️ медициналық стандарттарды сақтау;
✔️ командалық жұмыс;
✔️ медициналық қателердің алдын алу;
✔️ қауіптерді ашық талқылау;
✔️ науқастың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу;
✔️ медициналық көмектің сапасын үнемі жетілдіру.

Қауіпсіз медицина әрқайсымыздан басталады.

Науқасты қорғау — ең қымбат құндылықты, яғни адам өмірі мен денсаулығын қорғау. ❤️

07/09/2026

Ежедневный контроль состояния пациентов

02/09/2026

🏥Жалпы ауруханалық жиналыс өткізілді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және инфекциялық бақылау, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және антибактериалдық препараттарды тағайындаудың негізділігі, сондай-ақ 2026 жылдың 8 айындағы науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметінің есептері 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы түрде қаралды.

🏥Проведено общебольничное собрание. Рассмотрены вопросы санитарно-эпидемиологического состояния и инфекционного контроля, рационального использования лекарственных средств и обоснованности назначения антибактериальных препаратов, а также отчёты СПП и ВА за 8 месяцев 2026 года в сравнении с аналогичным периодом 2025 года.

28/08/2026

Апта сайынғы әкімшілік кеңес - клиниканың қаржыландыру, медициналық көмек көрсету, кадрлармен қамтамасыз ету және шаруашылық қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған.

———

Еженедельное административное совещание - это обсуждение актуальных вопросов финансирования, медицинской помощи, кадрового обеспечения и хозяйственной деятельности клиники.

27/08/2026

Әр науқастарымыздың пікірі біз үшін өте маңызды. 💙
Сіздердің пікірлеріңіз бізге дамуға, жұмысымызды жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Каждый отзыв наших пациентов имеет для нас огромное значение. 💙
Ваше мнение помогает нам развиваться, становиться лучше и повышать качество нашей работы.

21/08/2026

🎓Жаңа оқу жылы қарсаңында аурухана директоры Айгуль Абдрахманова биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын қызметкерлердің балаларын құттықтады.
Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары, тәттілер салынған себеттер және ақшалай сыйлықтар табысталды. Балаларға оқуда табыс, жаңа білім, жарқын әсерлер және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! 👏🏾

🎓В преддверии нового учебного года директор больницы Абдрахманова Айгуль Каметовна поздравила детей сотрудников, которые в этом году впервые переступят порог школы.

Будущим первоклассникам вручили школьные принадлежности, корзины со сладостями и денежные подарки. Желаем ребятам успехов в учёбе, новых знаний, ярких впечатлений и отличного настроения! 👏🏾

20/08/2026

Address

Дегдар 10/2
Almaty
050030

Telephone

+77273382299

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Городская клиническая инфекционная больница имени И.Жекеновой г.Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Городская клиническая инфекционная больница имени И.Жекеновой г.Алматы:

Shortcuts

Share

Category