ГКП на ПХВ «Городская поликлиника 24» города Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • ГКП на ПХВ «Городская поликлиника 24» города Алматы

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника  24» города Алматы 24 қалалық емхана
КГП на ПХВ ГП 24

25/06/2026
04/06/2026
03/06/2026

🏥 Алматыда медициналық көмек бұрынғыдан да қолжетімді болды

Соңғы бір жылда қалада денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

✅ Бостандық ауданында жаңа №37 емхана ашылды;
✅ Жетісу ауданында 20 мың тұрғынға арналған емхана іске қосылды;
✅ Бірқатар емханалар мен жедел жәрдем станциялары күрделі жөндеуден өтті;
✅ Қалаға 50 жаңа жедел жәрдем көлігі жеткізілді;
✅ Науқастарды қабылдау мен қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Алматылықтар үшін сапалы әрі үздіксіз медициналық көмекке қолжетімділік артып келеді.

20/05/2026

1312 жедел желісі: алматылықтар вакциналау және кене шағуы бойынша кеңес ала алады

Алматы тұрғындары 1312 жедел желісіне хабарласып, кене энцефалитіне қарсы вакциналау мәселелері бойынша кеңес алып, кене шаққан жағдайда қайда жүгіну керек екені туралы ақпарат ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, кене шаққаннан кейін алғашқы 96 сағат ішінде медициналық көмекке жүгіну қажет - дәл осы кезеңде кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу ең тиімді болып саналады.

Басқарма мәліметінше, шұғыл көмек - кенені алып тастау және иммуноглобулин енгізу - қалалық ауруханалардың травматологиялық пунктерінде көрсетіледі.

Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындары Жандосов көшесі, 5 мекенжайындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жүгіне алады.

Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына Папанин көшесі, 220 мекенжайындағы №4 қалалық клиникалық ауруханада көмек көрсетіледі.

Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын Қалқаман ықшамауданы, 20 мекенжайындағы №7 қалалық клиникалық аурухана қабылдайды.

Алмалы және Алатау ауданының тұрғындары Қазыбек би көшесі, 96 мекенжайында орналасқан Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жүгінуі тиіс.

Бас және бет аумағын кене шаққан жағдайда қала тұрғындары Достық даңғылы, 220 мекенжайындағы №5 қалалық клиникалық ауруханаға жүгінуі қажет.

18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл профилактика, соның ішінде иммуноглобулин енгізу, тұрғылықты ауданына қарамастан Манас көшесі, 40 мекенжайындағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жүргізіледі.

Кене энцефалитінің алдын алудың ең сенімді тәсілі - вакциналау, оны Алматы қаласының емханаларында алуға болады.

Қазір қала емханаларында 16 жастан асқан адамдарға арналған «ТикоВак» вакцинасы қолжетімді. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда кене шаққаннан кейін шұғыл профилактика жүргізу үшін вакцина мен иммуноглобулиннің қажетті қоры бар.

Егер кене шағуы орын алған болса, иммуноглобулин енгізу арқылы шұғыл профилактика жүргізіледі.

19/05/2026

Заместитель директора Алматинского онкологического центра Райхан Болатбекова рассказала о расширении программы вакцинации против вируса папилломы человека (ВПЧ).

Теперь вакцинация доступна детям и подросткам в возрасте от 11 до 17 лет 11 месяцев и 29 дней. По словам специалиста, вакцина является эффективной мерой профилактики не только рака шейки матки, но и ряда других онкологических заболеваний, включая злокачественные новообразования наружных половых органов и полости рта.

«Вакцина против ВПЧ применяется в мире уже почти 20 лет. За это время она доказала свою эффективность и безопасность, а также хорошую переносимость среди детей и подростков», — отметила Райхан Болатбекова.

В Алматинском онкологическом центре призвали родителей воспользоваться возможностью бесплатной вакцинации и принять участие в программе профилактики онкологических заболеваний.

15/05/2026

Дополнительную иммунизацию проведут за счёт запасов препаратов.

03/05/2026

Экстренную помощь – удаление клеща и введение иммуноглобулина – оказывают в травмпунктах городских больниц мегаполиса, сообщает Vecher.kz.

В ОШ №11 сотрудники Городская поликлиника №24 провели разъяснительную работу на тему ранней беременности. В ходе встречи...
28/04/2026

В ОШ №11 сотрудники Городская поликлиника №24 провели разъяснительную работу на тему ранней беременности. В ходе встречи участникам была представлена важная информация о влиянии ранней беременности на здоровье подростков, возможных рисках для матери и ребенка, а также о значении осознанного отношения к своему будущему.

Специалисты подробно рассказали о мерах профилактики, важности сохранения репродуктивного здоровья и необходимости своевременного обращения за медицинской и психологической помощью. Особое внимание было уделено формированию ответственности, повышению уровня информированности среди молодежи и укреплению ценности здорового образа жизни.

Подобные мероприятия способствуют открытому диалогу, расширяют знания подростков и помогают принимать взвешенные решения, направленные на сохранение здоровья и благополучия будущего поколения.

28/04/2026

Медицина саласында 40 жыл бойы табан аудармай еңбек еткен ардақты жан — мейірбике Қанапияева Ғалия Қамбаровна!

1985 жылдан бері денсаулық сақтау саласында абыроймен қызмет етіп келе жатқан Ғалия Қамбаровна осы жылдар ішінде сан мыңдаған жанға шипа сыйлап, жүректерге үміт ұялатып, жылы сөз бен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Бұл 40 жылдың әр күні — ұйқысыз түндер, мол тәжірибе, кәсіби жауапкершілік және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.

Ғалия Қамбаровна — тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар ұжымның тірегі, жастарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер. 24 қалалық емхана директоры Г.К. Маякова мен аға мейірбике К.М. Ақылбаеваның бастауымен ол өз ісіне адалдық танытып, медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Өзінен кейінгі жас буынға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп, әрқашан жұмысына тиянақтылықпен қарайтын маман ретінде үлкен құрметке ие.

Осындай ерен еңбектің иелеріне алғысымыз шексіз!
Құрметті мейірбикелер, сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз — қоғамның саулығы мен болашағының кепілі. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт денсаулығы жолында аянбай қызмет етіп, әлі де биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және кәсіби табыс тілейміз

18/04/2026

В рамках республиканской экологической акции #ТазаКазахстан сотрудники 24-й поликлиники провели масштабный субботник, направленный на благоустройство и озеленение территории.

С большим энтузиазмом и чувством ответственности коллектив высадил яркие, красивые цветы, которые теперь украшают территорию и создают уютную, благоприятную атмосферу для пациентов и посетителей. Каждая клумба стала настоящим символом заботы о природе и стремления к чистоте.

Также была проведена тщательная уборка: очищены дорожки, приведены в порядок прилегающие участки, собран мусор. Благодаря слаженной работе сотрудников территория поликлиники заметно преобразилась, стала чище, свежее и привлекательнее.

Такие инициативы не только улучшают внешний облик учреждения, но и формируют экологическую культуру, объединяя людей вокруг важной цели — сохранения чистоты и красоты нашего города.

Address

Улица Земнухова 3/1
Almaty
A35M5C9

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ГКП на ПХВ «Городская поликлиника 24» города Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to ГКП на ПХВ «Городская поликлиника 24» города Алматы:

Shortcuts

Share

Category