21/07/2026
☀️ Жаз мезгілінде теріні күн сәулесінен қорғау — дерматологиялық күтімнің маңызды бөлігі.
Ультракүлгін сәулелер терінің күйіп қалуына ғана емес, сонымен қатар ерте қартаюына, гиперпигментацияға және бірқатар тері ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін.
Негізгі ұсыныстар:
🔹 Күннен қорғайтын құралдарды қолдану
SPF 30–50 деңгейіндегі кремді көшеге шығардан 15–20 минут бұрын жағып, әр 2–3 сағат сайын қайта жағу қажет.
🔹 Күн сәулесінің белсенді уақытын шектеу
11:00–16:00 аралығында тікелей күн астында ұзақ болудан сақтанған жөн.
🔹 Қорғаныш аксессуарлары
Бас киім, күннен қорғайтын көзілдірік және жабық киім теріні қосымша қорғайды.
🔹 Теріні ылғалдандыру
Күн әсерінен тері сусызданады, сондықтан жеңіл ылғалдандырғыш құралдарды тұрақты қолдану ұсынылады.
❗ Күнге күйік алған жағдайда өздігінен ем қолданбай, дерматолог дәрігерге жүгіну қажет.
Тері саулығын сақтау — жүйелі және дұрыс күтім нәтижесі.
#жараалматы #кожвеналматы #дерматологалматы #дерматовенерологалматы #жара Алматы