07/10/2026
17.09.2026 ❤️ 3 күн толғатып жүріп, 39 аптамен бұның да жырын бітірдік 🥹😅 Енді-енді реттеліп, өзіме келіп, жаңалықпен бөлісейін дедім 🥰
Шынымды айтсам, ана болғанда ерекше сезім болады деп жатады ғой, бірден ондай сезім болмады 😬 Кажется, толғақ кездегі ауырсынудың шогында оны ойлай да алмадым ба, дүниеге келе салғанынан соң, кинодағыдай “балам, жаным, күнім” деп кете алмадым 🫠
Бірақ, 9 ай көтеріп, толғақты сезініп, осынша еңбекпен дүниеге әкелген соң бәрібір де балаға деген мейірімін ашылады екен. Қазір кімнің баласын көрсем де бірден соны қаншама ай көтеріп, толғатып, не денесін кесіп, дүниеге әкелді ғой деп бірден ойлап тұратын болдым. Әрбір балаға кәдімгідей күш, энергия кетіретін бір проект ретінде қарайтын болдым.
Анаңның қадірін өзің ана болғанда өте қатты түсінеді екенсің. Әйел адамын нәзік етіп жаратып, сонда да сондай ауырсынуға, бәріне төзе алатын іштей күш жігерді де Аллах беріп қояды екен
7 жыл оқығандағы педиатриялық білімімнің баламның бірінші күнінен қалыптыда болатын кейбір жағдайларда паника ұстамай, жеңіл қарауыма көмектескен моменті көп болды, и родыда , жүктілікте енді былай жасау керек екен деген нәрселер болды, бәрін алдағы посттарымда біртіндеп айтып берем 🫶🏻
Пока что баламыздың бауы берік болып, тіл көзден аман болсын деп тілеп, құттықтап қойсаңыздар болады 🥰🤲🏻❤️