KazOnco

KazOnco ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ИНСТИТУТ ОНКОЛОГИИ И РАДИОЛОГИИ

Запись на консультацию
8-747-443-80-48
8-771-216-17-48
8-727-310-90-23 (Городской)
8-747-349-61-16 (WhatsApp)

Отделение диагностики: 8-727-292-08-81
8-707-103-77-11 (WhatsApp)

Служба поддержки пациентов
8-775-121-45-93 (WhatsApp)

Коммутатор
8-727-292-00-61
8-727-292-29-20

ПЭТ/КТ: 8-727-355-67-72
8 771-457-44-44 (WhatsApp)

✅ Ақтөбеде хирургиялық көмекті дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды11–12 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан, Беларусь, Түр...
14/09/2026

✅ Ақтөбеде хирургиялық көмекті дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

11–12 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан, Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші ғалымдары мен хирургтерінің қатысуымен «Хирургияның заманауи аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция трансплантология, онкология, қантамыр хирургиясы және кардиохирургия салаларының мамандарын біріктірді. Қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, заманауи емдеу әдістерін талқылады және практикалық тәжірибе алмасты.

Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында озық хирургиялық технологияларды енгізуге, трансплантологияны дамытуға және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Конференция аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік профессорларға «Ақтөбе облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.

Марапатталғандар қатарында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы, профессор Ербол Бекмұхамбетов, академик, профессор Болатбек Баймаханов және медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәлім Беркімбаев бар.

✅ Председатель Правления КазНИИОиР посетил медицинские организации Актюбинской областиВ рамках рабочей поездки Председат...
11/09/2026

✅ Председатель Правления КазНИИОиР посетил медицинские организации Актюбинской области

В рамках рабочей поездки Председатель Правления Казахского научно-исследовательского института онкологии и радиологии Ербол Бекмухамбетов посетил Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова и областной онкологический центр.

Цель поездки направлена на повышение качества и доступности онкологической помощи, выявление проблемных вопросов и принятие конкретных мер для обеспечения своевременной диагностики и лечения пациентов региона.

Председатель Правления КазНИИОиР посетил медицинские организации Актюбинской областиВ рамках рабочей поездки Председател...
11/09/2026

Председатель Правления КазНИИОиР посетил медицинские организации Актюбинской области

В рамках рабочей поездки Председатель Правления Казахского научно-исследовательского института онкологии и радиологии Ербол Бекмухамбетов посетил Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова и областной онкологический центр.

Цель поездки направлена на повышение качества и доступности онкологической помощи, выявление проблемных вопросов и принятие конкретных мер для обеспечения своевременной диагностики и лечения пациентов региона.

✅ Бір науқастың зерттеуіндегі 400-500 кескінді оқиды»: ЖИ өкпе обырын анықтауда дәрігерге қалай көмектеседі
11/09/2026

✅ Бір науқастың зерттеуіндегі 400-500 кескінді оқиды»: ЖИ өкпе обырын анықтауда дәрігерге қалай көмектеседі

Сарапшының айтуынша, депутат қозғап отырған мәселе өте өзекті әрі шешімін тапса, болашақта мыңдаған қазақстандықтың тағдырына оң әсер ете алады

10/09/2026

✅ Жамбыл облысына екі заманауи жылжымалы медициналық кешен пайдалануға берілді

➤ Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты.

➤ Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

➤ Жалпы құны 1,1 млрд теңгеден асатын арнайы автокөліктердің біріне компьютерлік томограф, екіншісіне цифрлық маммограф пен сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылған. Жылжымалы кешендер, ең алдымен, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

➤ Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

➤ Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева өңірмен арадағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, жаңа кешендердің іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін медициналық диагностиканың қолжетімділігін кеңейтетінін жеткізді.

➤ Жамбыл облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қорының өзара ынтымақтастығы өңірдегі бірқатар әлеуметтік мәселені шешуге мүмкіндік беріп келеді. Қазіргі таңда қор облыста жалпы құны 13,1 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыруда. Оның 9-ы денсаулық сақтау саласына арналған.

➤ Бірлескен жобалар аясында сирек кездесетін ауруларға шалдыққан азаматтарды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық науқастарды емдеу, балалар нейрохирургиясын қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыру бағыттарында маңызды жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар ерте араласу және оңалту орталықтарының мүмкіндігі кеңейтіліп, аутизмі бар балаларға арналған орталықтар қажетті құралдармен жабдықталды.

➤ Қордың қолдауымен ауылдардағы тірек мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, балалар мен жастарға арналған спорт инфрақұрылымын дамытуға да жағдай жасалды.

✅ Острый и хронический лейкоз: в чём различия?В рамках Недели осведомлённости о раке крови, которая проходит с 7 по 12 с...
09/09/2026

✅ Острый и хронический лейкоз: в чём различия?

В рамках Недели осведомлённости о раке крови, которая проходит с 7 по 12 сентября, рассказываем об особенностях острых и хронических лейкозов и симптомах, при которых необходимо обратиться к врачу.

Лейкоз, или лейкемия, — злокачественное заболевание кроветворной системы. Его формы различаются по типу поражённых клеток, скорости развития и подходам к лечению.

🔺Как развивается острый лейкоз?
При остром лейкозе в костном мозге накапливаются незрелые опухолевые клетки — бласты. Они нарушают нормальное образование клеток крови. В результате могут развиваться анемия, повышенная кровоточивость и восприимчивость к инфекциям.

Заболевание обычно прогрессирует быстро. Слабость, бледность, повышение температуры, частые инфекции, синяки и кровотечения могут появиться и усилиться в течение нескольких недель. Острый лейкоз требует срочного обследования и своевременного начала специализированного лечения.

🔺Чем отличается хронический лейкоз?
Хронические лейкозы, как правило, развиваются медленнее. На ранних этапах выраженные симптомы могут отсутствовать, а изменения иногда обнаруживают при анализе крови, выполненном по другому поводу.

По мере развития заболевания возможны утомляемость, увеличение лимфатических узлов, ночная потливость, снижение массы тела и чувство тяжести в животе.

Тактика зависит от конкретной формы лейкоза. Например, при некоторых случаях хронического лимфолейкоза без симптомов врач может рекомендовать активное наблюдение — регулярные осмотры и исследования. При других формах необходимо начать лекарственную терапию.

🔺Как устанавливают диагноз?
Первый этап — консультация врача и общий анализ крови с лейкоцитарной формулой. При подозрении на заболевание пациента направляют к гематологу.

Для уточнения диагноза могут потребоваться исследование костного мозга, определение характеристик опухолевых клеток и генетические исследования. Их результаты помогают установить вид лейкоза и выбрать лечение.

Оценивать заболевание только по количеству лейкоцитов или проценту бластных клеток нельзя: врач учитывает совокупность результатов обследования.

🔺Когда необходимо обратиться к врачу?
Не откладывайте консультацию, если появились необъяснимая слабость, стойкая бледность, повторяющееся повышение температуры, частые инфекции, синяки без заметных травм, кровоточивость или непреднамеренное снижение веса.Такие симптомы встречаются при разных заболеваниях и сами по себе не означают лейкоз. Выяснить их причину поможет обследование.

Своевременное обращение к врачу позволяет быстрее установить диагноз и определить необходимую тактику медицинской помощи.

✅ Жедел және созылмалы лейкоз: айырмашылығы неде?7–12 қыркүйек аралығында өтетін Қан обыры туралы хабардарлық апталығы а...
09/09/2026

✅ Жедел және созылмалы лейкоз: айырмашылығы неде?

7–12 қыркүйек аралығында өтетін Қан обыры туралы хабардарлық апталығы аясында жедел және созылмалы лейкоздардың ерекшеліктері мен дәрігерге қаралуды қажет ететін белгілері туралы ақпарат ұсынамыз.

Лейкоз немесе лейкемия — қан түзу жүйесінің қатерлі ауруы. Оның түрлері зақымданған жасушалардың типіне, даму жылдамдығына және емдеу тәсілдеріне қарай ерекшеленеді.

🔺Жедел лейкоз қалай дамиды?
Жедел лейкоз кезінде сүйек кемігінде жетілмеген ісік жасушалары — бластар жиналады. Олар қан жасушаларының қалыпты түзілуін бұзады. Соның салдарынан анемия, қан кетуге бейімділік және инфекцияларға сезімталдық артуы мүмкін.

Ауру әдетте тез өршиді. Әлсіздік, терінің бозаруы, дене қызуының көтерілуі, жиі қайталанатын инфекциялар, көгерулер мен қан кетулер бірнеше апта ішінде пайда болып, күшеюі мүмкін. Жедел лейкоз шұғыл тексеруді және мамандандырылған емді уақтылы бастауды қажет етеді.

🔺Созылмалы лейкоздың айырмашылығы неде?
Созылмалы лейкоздар, әдетте, баяу дамиды. Ерте кезеңдерінде айқын белгілер болмауы мүмкін, ал өзгерістер кейде басқа себеппен тапсырылған қан талдауы кезінде анықталады.

Ауру дамыған сайын тез шаршау, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, түнде терлеу, дене салмағының төмендеуі және іштің ауырлау сезімі байқалуы мүмкін.

Емдеу тактикасы лейкоздың нақты түріне байланысты. Мысалы, созылмалы лимфолейкоздың белгілері байқалмайтын кейбір жағдайларда дәрігер белсенді бақылауды — жүйелі түрде тексеріліп, зерттеулерден өтуді ұсынуы мүмкін. Ал басқа түрлерінде дәрі-дәрмекпен емдеуді бастау қажет.

🔺Диагноз қалай қойылады?
Алғашқы кезең — дәрігердің консультациясы және лейкоцитарлық формуласы бар жалпы қан талдауы. Ауруға күдік туындаған жағдайда пациент гематологқа жіберіледі.

Диагнозды нақтылау үшін сүйек кемігін зерттеу, ісік жасушаларының сипаттамаларын анықтау және генетикалық зерттеулер қажет болуы мүмкін. Олардың нәтижелері лейкоздың түрін анықтауға және емді таңдауға көмектеседі.

Ауруды тек лейкоциттер саны немесе бласт жасушаларының пайыздық үлесі бойынша бағалауға болмайды: дәрігер тексеру нәтижелерін кешенді түрде қарастырады.

🔺Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?
Себепсіз әлсіздік, терінің тұрақты бозаруы, дене қызуының қайта-қайта көтерілуі, жиі қайталанатын инфекциялар, айқын жарақатсыз пайда болған көгерулер, қан кету немесе әдейі арықтауға әрекет жасамай-ақ салмақ жоғалту байқалса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз.

Мұндай белгілер әртүрлі аурулар кезінде кездеседі және өздігінен лейкоз бар екенін білдірмейді. Олардың себебін анықтау үшін тексеруден өту қажет.

Дәрігерге уақтылы қаралу диагнозды тезірек анықтауға және қажетті медициналық көмек көрсету тактикасын белгілеуге мүмкіндік береді.

✅ В КАЗАХСТАНЕ ПРОЙДЕТ ОНЛАЙН-ШКОЛА ПО СОВРЕМЕННЫМ ПОДХОДАМ К ЛЕЧЕНИЮ РАКА ПРЕДСТАТЕЛЬНОЙ ЖЕЛЕЗЫ8 сентября 2026 года сос...
08/09/2026

✅ В КАЗАХСТАНЕ ПРОЙДЕТ ОНЛАЙН-ШКОЛА ПО СОВРЕМЕННЫМ ПОДХОДАМ К ЛЕЧЕНИЮ РАКА ПРЕДСТАТЕЛЬНОЙ ЖЕЛЕЗЫ

8 сентября 2026 года состоится научно-образовательная онлайн-школа «Клиническое мышление в онкологии: рак предстательной железы — от доказательств к пациенту».

Образовательная площадка объединит специалистов для обсуждения современных подходов к диагностике и лечению рака предстательной железы с позиции доказательной медицины и персонализированного выбора терапии.

Одной из ключевых тем станет молекулярное профилирование при раке предстательной железы. Эксперты рассмотрят, как результаты молекулярно-генетических исследований помогают определять тактику лечения и принимать клинические решения с учетом индивидуальных особенностей заболевания.

Отдельное внимание будет уделено современным возможностям терапии метастатического кастрационно-резистентного рака предстательной железы (мКРРПЖ), в том числе применению комбинации талазопариба и энзалутамида.

Участники смогут обсудить с экспертами практические аспекты ведения пациентов, современные клинические данные и подходы к персонализации противоопухолевой терапии. В завершение программы состоится дискуссия в формате «вопрос — ответ».

📅 Дата: 8 сентября 2026 года
⏰ Начало: 14:00 по времени Алматы
💻 Формат: онлайн, Zoom

Подключиться к конференции:
https://us06web.zoom.us/j/2372929504?pwd=Oub4NhOB2bfB5NHosh9GVYsLoJE0u2.1

Идентификатор конференции: 237 292 9504
Код доступа: 4444

Приглашаем медицинских онкологов и других профильных специалистов присоединиться к научно-образовательной школе.

✅ ҚАЗАҚСТАНДА ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-МЕКТЕП ӨТЕДІ2026 жылғы 8 қыркүйекте «Он...
08/09/2026

✅ ҚАЗАҚСТАНДА ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-МЕКТЕП ӨТЕДІ

2026 жылғы 8 қыркүйекте «Онкологиядағы клиникалық ойлау: қуықасты безі обыры — дәлелдерден пациентке дейін» атты ғылыми-білім беру онлайн-мектебі өтеді.

Білім беру алаңы мамандарды қуықасты безі обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, дәлелді медицина қағидаттарын және дербестендірілген терапия мүмкіндіктерін талқылау үшін біріктіреді.

Негізгі тақырыптардың бірі — қуықасты безі обыры кезіндегі молекулалық профильдеу. Сарапшылар молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижелерінің емдеу тактикасын таңдауға және аурудың жеке ерекшеліктерін ескере отырып клиникалық шешім қабылдауға ықпалын қарастырады.

Сонымен қатар метастаздық кастрацияға төзімді қуықасты безі обырын (мКРҚБО) емдеудің заманауи мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Оның ішінде талазопариб пен энзалутамид комбинациясын қолдану мәселелері талқыланады.

Қатысушылар сарапшылармен пациенттерді жүргізудің практикалық аспектілерін, заманауи клиникалық деректерді және ісікке қарсы терапияны дербестендіру тәсілдерін талқылай алады. Бағдарлама соңында сұрақ-жауап форматында пікірталас өтеді.

📅 Күні: 2026 жылғы 8 қыркүйек
⏰ Басталуы: 14:00 (Алматы уақыты)
💻 Форматы: онлайн, Zoom

Конференцияға қосылу:
Zoom конференциясына қосылу⁠

Конференция идентификаторы: 237 292 9504
Кіру коды: 4444

Медициналық онкологтарды және басқа да бейінді мамандарды ғылыми-білім беру онлайн-мектебіне қатысуға шақырамыз.

Address

Абая 91
Almaty

Opening Hours

Monday 08:30 - 17:00
Tuesday 08:30 - 17:00
Wednesday 08:30 - 17:00
Thursday 08:30 - 17:00
Friday 08:30 - 17:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when KazOnco posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share