Детская городская клиническая инфекционная больница г. Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Детская городская клиническая инфекционная больница г. Алматы

Алматы қаласында алғаш рет балалар ауруханасы 1936 жылы Наркомземнің бұрынғы ғимаратында Калинин (қазіргі Қабанбай батыр көшесі) және Интернациональная (қазіргі Мәуленов көшесі) көшелерінің бұрышында ашылды. Бір қызығы, бірінші балалар ауруханасының 175 төсегінің 100 төсегі трахомамен ауыратын науқастарға арналған, ал қалғаны басқа балалар аурулары үшін 75 төсек-орын ғана болатын. Қазір кейбір елдерде жыл сайын миллионнан астам баланы көру қабілетінен айыратын жұқпалы ауру бізде де өзекті болғанына сенбеймін. Кеңес дәуіріні медицинасының жетістіктері трахома ауруын нөлге дейін азайтты. Алайда, жалпы алғанда, жұқпалы ауру тек өзгереді, бірақ төмендемейді.
Бүгінгі таңда басқа инфекция аурулары өзекті мәселеге айналған және де педиатр-инфекционистердің күш-жігері аталмыш инфекциялармен күресуге бағытталған.
Аурухананың төсек қоры осындай ұзақ мерзім ішінде бірнеше рет өзгерді және қазіргі уақытта клиника 360 төсекке орналастырылды.
БҚКИА базасында Қазақстанның екі жетекші медициналық жоғары оқу орны - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің профессор -оқытушылар құрамы және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ұжымдары, сондай-ақ үш медициналық колледждің - Республикалық медициналық колледждің, Алматы қалалық медициналық колледжінің және "Эмили" мейіргерлер ісі бойынша институтының ұжымдары жұмыс істейді.
Ана мен бала денсаулығын жақсартудағы жоғары көрсеткіштері үшін клиника 2007 жылы "Алтын жүрек" Құрметті ұлттық наградасымен марапатталды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағдарламасы бойынша Қазақстанда балалар денсаулығын дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін аурухана "Еуропалық сапа белгісімен"марапатталды.
2020 жылғы 26 қазанда Алатау ауданының, «Теректі» ықшам ауданында орналасқан Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК базасында балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа модульдік инфекциялық стационар пайдалануға берілді. Модульдік стационардың құрылысын 01.08.2020 жылы еліміздегі ең ірі "BI GROUP"құрылыс компаниясы бастады. Құрылыстың аяқталу күні 01.10.2020 ж.
Жалпы аумағы 5,8 га.
Ғимараттың ауданы 11720 ш. м.
Сыйымдылығы 300 төсек.
8 палаталы бөлімше бар, оның ішінде боксталған палаталары бар: 2 блок және жартылай боксталған 6 блок.
Палаталар:
- Боксталған палаталар - 40 орынға арналған;
- 2 орынды жартылай бокс палаталары – 188 орынға арналған;
- 3 орынды жартылай бокс палаталары - 42 орынға арналған;
- Реанимациялық (жан сақтау) төсек – орын - 30.
Барлығы 300 төсек-орын, оларға 100% оттегі жеткізілді. Бөлімшелердегі әрбір төсек «Komax « байланыс жүйесімен жабдықталған, онда пациенттен шақыру батырмасының көмегімен сигналы мейіргерлер постына түседі және таблоға палата мен төсектің нөмірі көрсетіледі.
Аумақта оттегі-газдандыру станциясы бар. Әрбір реанимациялық палатада медициналық газдардың үш түрі шығатын консольдер жүргізілген.
Таза үй-жайлар кешені желдету және ауаны залалсыздандыру жүйесімен жабдықталған.
Барлық коммуналдық жүйелер тазарту қондырғылары арқылы үш рет тазалаудан өтеді, бұл стационардың қоршаған орта үшін қауіпсіз қызметіне кепілдік береді. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жаратудың заманауи жүйесі қарастырылған. Ағынды суларды залалсыздандыру жүйесі жұмыс істейді. Аурухана аумағында жедел медициналық жәрдем машиналарын дезинфекциялық өңдеу пункті бар.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған:
-(КТ) SOMATOM go.Up компьютерлік томограф саны - 1 дана.
- TOPAZ мобильді палаталық рентген кешені, саны - 3 дана.
- Xario 100G сандық диагностикалық ультрадыбыстық, CUS-X-100g моделі - 2 дана.
-Xario 200g орындау нұсқаларындағы диагностикалық ультрадыбыстық жүйе, CUS-X-200g моделі - 1 дана.
№ 9 қабылдау бөлімшесі. Науқастар инфекциялық стационарға келіп түскен кезде қабылдау "лас" аймақтан қабылдау бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау бөлімшесінің науқастарға арналған жеке кіру есігі болады. Науқастарды қабылдау арнайы бөлінген оқшауланған қарау бокстарында жеке жүргізіледі, онда сауалнама, сұрыптау, алғашқы тексеру, аурудың ауырлығын бағалау және диагностика, оның ішінде COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізіледі. КВИ-ға зерттеу нәтижелері дайын болғанға дейін балаларды №8 диагностикалық бөлімшеге емдеуге жатқызу жүзеге асырылады, онда 37 төсектік 18 бокс палатасы бар.
Талдау нәтижелерін алғаннан кейін балаларды бейінді бөлімшелер бойынша ауыстыру жүзеге асырылады:
1. №1 бокс бөлімшесі (ауа -тамшы инфекциясы, менингит, қызылша) - 20 Мельцер боксы;
2. №2 жаңа туған нәрестелерге арналған бокс бөлімшесі (ЖІИ, конъюгациялық сарғаю, ЖӘИ) – 20 Мельцер боксы;
3. №3 бөлімше (ЖРВИ) – 40 төсектік 18 бокс палаталары;
4. №4 бөлімше (ЭВИ) – 40 төсектік 18 бокс палаталары;
5. №5 бөлімше (ЖІИ) – 38 төсектік 18 бокс палаталары;
6. № 6 бөлімше (ЖРВИ) бір жылға дейін - 38 төсектік 18 бокс палаталары;
7. №7 бөлімше (КВИ) - 37 төсектік 18 бокс палаталары;
8. №10 бөлімше 30 төсектік реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі;
9. № 11 бөлімше - ПТР зертхана және КДЗ;
Зертхана бөлімшесінде медициналық зерттеулердің барлық түрлері (ҚЖА, НЖА, биохимиялық зерттеулер, сондай-ақ COVID-19 арналған ПТР диагностикасы) қолжетімді.
№ 12 бөлімшеде ас блогы және кір жуу бөлімі жұмыс істейді.

Впервые детская больница в городе Алма-Ате была организована в 1936 году в бывшем помещении Наркомзема на углу улиц Калинина (ныне улица Кабанбай батыра) и Интернациональная (ныне улица Мауленова). Интересен тот факт, что из 175 коек первой детской больницы 100 коек было развернуто для больных трахомой, и только 75 коек для всех остальных детских заболеваний. Сейчас не верится, что инфекционное заболевание, которое и сегодня лишает зрения более миллиона детей ежегодно в некоторых странах, когда-то было актуально и у нас. Достижения советской медицины свели заболеваемость трахомой практически до нуля. Однако в целом инфекционная заболеваемость лишь меняется, но не снижается.

Сегодня актуальны другие инфекции и на борьбу с ними направлены усилия педиатров-инфекционистов.

Коечный фонд больницы за столь длительный срок неоднократно менялся и в настоящее время клиника развернута на 360 коек.
На базе ДГКИБ работает профессорско-преподавательский состав двух ведущих медицинских вузов Казахстана – Казахского Национального медицинского университета им. С.Д. Асфендиярова и Казахского медицинского университета непрерывного образования, а также коллективы трех медицинских колледжей – Республиканского медицинского колледжа, Алматинского городского медицинского колледжа и Медицинского центра "Эмили" Институт сестринского дела.

За высокие показатели в улучшении здоровья матери и ребенка клиника награждена в 2007 году Почетной Национальной наградой «Алтын жүрек». За достигнутые успехи в развитии детского здравоохранения в Казахстане по Программе Всемирной Организации Здравоохранения (ВОЗ) больница награждена «Европейским Знаком качества».

26 октября 2020г. введен в эксплуатацию новый модульный инфекционный стационар на базе ГКП на ПХВ «Детская городская клиническая инфекционная больница» УОЗ г. Алматы расположенный в Алатауском районе, мкр. Теректы, предназначен для оказания качественной медицинской помощи детскому населению.
Строительство модульного стационара начато 01.08.2020г. самой крупной строительной компанией в стране «BI GROUP». Дата окончания строительства 01.10.2020г.
Общая площадь территории 5,8 га.
Площадь здания 11720 кв.м.
Вместимость 300 коек.
Имеется 8 палатных отделений, из них 2 блока с боксированными палатами и 6 блоков полубоксированных.
Палаты:
-Боксированных палат - 40 мест;
-Палаты 2-х местных полубоксированные – 188 мест;
-Палаты 3-х местных полубоксированные – 42 мест;
-Реанимационных коек – 30.
Итого 300 койко-мест, к которым 100% подведен кислород. Каждая койка в отделениях оснащена системой связи Komax, где при помощи кнопки вызова от пациента сигнал поступает на пост медицинской сестры и на табло высвечивается номер палаты и койки.
На территории имеется кислородно-газификационная станция. В каждой реанимационной палате подведены консоли с выходом трех видов медицинских газов.
Комплекс чистых помещений оборудованы с системой вентиляции и обеззараживания воздуха.
Все коммунальные системы проходят тройную очистку через очистные сооружения, что гарантирует безопасную деятельность стационара для окружающей среды. Предусмотрена современная система обеззараживания и утилизация медицинских отходов. Функционирует система обеззараживания сточных вод. На территории больницы имеется пункт дезинфекционной обработки машин скорой медицинской помощи.
Приемно-диагностическое отделение оснащено высокотехнологическим оборудованием:
-компьютерный томограф (КТ) SOMATOM go.Up в количестве 1 шт.
-мобильный палатный рентгеновский комплекс TOPAZ в количестве 3 шт.
-цифровой диагностический ультразвуковой Xario 100G, модель CUS-X-100G в количестве 2 шт.
-система диагностическая ультразвуковая в вариантах исполнения Xario 200G, модель CUS-X-200G в количестве 1 шт.
Приемное отделение №9. При поступлении больных в инфекционный стационар приём осуществляется через приёмное отделение с «грязной» зоны. Приёмное отделение имеет отдельные входы для больных. Прием больных проводится индивидуально в специально выделенных изолированных смотровых боксах, где проводится анкетирование, сортировка, первичный осмотр, оценка тяжести заболевания и диагностика, в т.ч. лабораторное обследование методом ПЦР на COVID-19. До готовности результатов исследования на КВИ госпитализация детей осуществляется в диагностическое отделение №8, где имеется 18 боксовых палат на 37 коек.
После получения результатов анализа осуществляется перевод детей по профильным отделениям:
1. №1 боксовое отделение (воздушно-капельные инфекции, менингит, корь) – 20 мельцеревских боксов;
2. №2 боксовое отделение для новорожденных (ОКИ, конъюгационная желтуха, ВУИ) – 20 мельцеревских боксов;
3. №3 отделение (ОРВИ) – 18 боксовых палат на 40 коек;
4. №4 отделение (ЭВИ) – 18 боксовых палат на 40 коек;
5. №5 отделение (ОКИ) – 18 боксовых палат на 38 коек;
6. №6 отделение (ОРВИ) до одного года жизни – 18 боксовых палат на 38 коек;
7. №7 отделение (КВИ)- 18 боксовых палат на 37 коек;
8. №10 отделение реанимации и интенсивной терапии на 30 коек;
9. №11 отделение ПЦР лаборатория и КДЛ;
В отделении лаборатории доступны все виды медицинских исследований (ОАК, ОАМ, биохимические исследования, а также ПЦР диагностика на COVID-19).
В №12 отделении функционируют пищеблок и прачечное отделение.

🧹 БҚКЖАА-да «Таза сенбілік»Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 2026 жылғы 1 тамызда ШЖҚ «Балалар ...
01/08/2026

🧹 БҚКЖАА-да «Таза сенбілік»

Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 2026 жылғы 1 тамызда ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК қызметкерлері кезекті сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілік барысында аурухана аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық пен тәртіпті сақтау, кішкентай пациенттерге, олардың ата-аналары мен қызметкерлеріне қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – ұжымның күнделікті жұмысының маңызды бағыты.
✨ Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалықты сақтау және ортақ іске үлес қосу – «Таза Қазақстан» жобасының негізгі құндылықтарының бірі.

🤝 Бірге таза, жайлы және экологиялық таза болашақты қалыптастырайық!

#ТазаҚазақстан #ДГКЖАА #Алматы #Сенбілік #Экология #Тазалық

🏥 БҚКЖАА-да №3 Емдеу-бақылау комиссиясының отырысы өттіБүгін Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында (Б...
14/07/2026

🏥 БҚКЖАА-да №3 Емдеу-бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында (БҚКЖАА) №3 Емдеу-бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Алматы қаласының медициналық ұйымдарының басшылары мен мамандары, ДГКИБ дәрігерлері, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жетекші сарапшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында медициналық көмектің барлық кезеңдері, диагноз қою мен емдеудің уақтылығы, клиникалық хаттамалардың сақталуы, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастық мәселелері жан-жақты сараланды.
Талқылау қорытындысы бойынша балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, клиникалық тәжірибені жетілдіруге және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.
Емдеу-бақылау комиссияларының тұрақты өткізілуі медициналық көмектің сапасын ішкі бақылау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, үздік клиникалық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

🏥 В ДГКИБ состоялось заседание Лечебно-контрольной комиссии №3

Сегодня в Детской городской клинической инфекционной больнице прошло очередное заседание Лечебно-контрольной комиссии (ЛКК).

В работе комиссии приняли участие руководители и специалисты медицинских организаций города Алматы, врачи ДГКИБ, а также независимые эксперты и представители профильных кафедр КазНУ имени аль-Фараби и КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова.
В ходе заседания были детально проанализированы все этапы оказания медицинской помощи, соблюдение клинических протоколов, своевременность диагностики и лечения, а также преемственность между медицинскими организациями.
По итогам обсуждения экспертами выработаны рекомендации, направленные на повышение качества и безопасности медицинской помощи детям, совершенствование клинической практики и предупреждение подобных случаев в будущем.
Регулярное проведение лечебно-контрольных комиссий является важной частью системы внутреннего контроля качества медицинской помощи и способствует непрерывному профессиональному развитию медицинских работников.

#ДГКИБ #Алматы #УОЗАлматы #Здравоохранение #КачествоМедицинскойПомощи #БезопасностьПациентов #Педиатрия #ДетскоеЗдоровье #МедицинаКазахстана

#ДГКИБ #Алматы #АлматыҚДСБ #ДенсаулықСақтау #МедициналықКөмекСапасы #ПациентҚауіпсіздігі #Педиатрия #БалаларДенсаулығы #ҚазақстанМедицинасы

10/07/2026

🏥 БҚКЖАА-ның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары шығарылды

Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

📊 Тіркелген өтініштер: 75 515
👶 Госпитализацияланған балалар: 22 400
✅ Шығарылған пациенттер: 22 903
📈 Госпитализация өсімі: 2,7%
📉 Өлім-жітім көрсеткіші: 0,05%-дан 0,03%-ға дейін

Бірінші жартыжылдықтағы маңызды жетістіктер:
Балалар инфекциялық аурулары бойынша Құзыреттер орталығының ашылуы;
Госпитальдық фармация бөлімшесінің құрылуы;
Медицина қызметкерлерін симуляциялық оқытуды дамыту;
Цифрландыру жобаларын енгізу;
Инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру;
Аурухананың негізгі корпусын қайта жаңғыртуға дайындық.
Госпитальдық фармация бөлімшесі
Қазіргі уақытта жүйеге филиалдың 8 клиникалық бөлімшесі қосылған. Барлық дәрігерлік тағайындаулар клиникалық фармаколог пен фармацевттің екі сатылы бақылауынан өтеді. Бұл дәрілік терапияның қауіпсіздігін арттырып, қателік қаупін азайтады.

Кәсіподақ жұмысы

«Ақниет» кәсіподақ комитеті қызметкерлерге материалдық қолдау көрсетіп, кәсіби және мерекелік іс-шараларды ұйымдастырды, сондай-ақ ұжымға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырды.
2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы басым бағыттар:
медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;
инфекциялық бақылауды күшейту;
кадрлық әлеуетті дамыту;
цифрлық технологияларды енгізу;
дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
«Саялы» филиалында Госпитальдық фармация бөлімшесін ашу.

👏 Балалар денсаулығы жолында күн сайын еңбек етіп жүрген БҚКЖАА ұжымына кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз!

#ДГКИБ #Алматы #БалаларАуруханасы #ИнфекциялықАурулар #ГоспитальдықФармация #ДенсаулықСақтау #БалаларДенсаулығы

02/07/2026

🏥 Мемлекет басшысы: Денсаулық сақтау – ұлт саулығының негізі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының жетістіктерін атап өтіп, оны одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындады.
Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері елімізде 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтап, еліміз бұл көрсеткіш бойынша өңірде көш бастап келеді.
👩‍⚕️👨‍⚕️ Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп:
«Біз қоғамға қызмет етуді өмірлік мұраты еткен жандар үшін лайықты еңбек жағдайларын жасап жатырмыз, нақты іс-шаралар арқылы педагог пен дәрігер мамандықтарының беделін арттырудамыз», – деп атап өтті.

Сондай-ақ барлық азаматтарға сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмектің кепілдендірілген түрде көрсетілетіні және отандық фармацевтика саласының қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.
🤝 Алматы қалалық Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру жолында балаларға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жауапкершілікпен жалғастыра береді.
💙 Әрбір баланың денсаулығы – біздің басты құндылығымыз.
#Алматы #БалаларАуруханасы #ДГКИБ #ДенсаулықСақтау #Медицина #БалаларДенсаулығы #Дәрігер #Қазақстан

🏥 Глава государства: Здравоохранение – один из ключевых приоритетов государственной политики

На совместном заседании палат Парламента Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев отметил достижения отечественного здравоохранения и обозначил основные направления его дальнейшего развития.
По словам Главы государства, с 2019 года в стране построено около 1300 объектов здравоохранения. Средняя продолжительность жизни казахстанцев достигла почти 76 лет, а по данным Всемирного банка Казахстан является лидером в регионе по этому показателю.
👩‍⚕️👨‍⚕️ Особые слова благодарности Президент адресовал медицинским работникам:
«Мы создаем достойные условия труда для тех, кто посвятил себя служению обществу, конкретными действиями поднимаем престиж профессий педагога и врача».
Также было подчеркнуто, что каждому гражданину, независимо от статуса застрахованности, гарантирована базовая медицинская помощь. Отдельное внимание уделено развитию отечественной фармацевтической отрасли, которая демонстрирует устойчивый рост и высокий уровень доверия.
🤝 Коллектив Детской городской клинической инфекционной больницы города Алматы поддерживает курс, обозначенный Главой государства, и продолжает работу по обеспечению качественной, безопасной и доступной медицинской помощи детям, внедряя современные подходы к диагностике, лечению и профилактике инфекционных заболеваний.
💙 Здоровье каждого ребенка – наша главная ценность и ответственность.

#ДГКИБ #Алматы #Здравоохранение #Медицина #ДетскаяБольница #Дети #Врачи #Казахстан

01/07/2026

Құрметті отандастар!

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!

24/06/2026

🌏 БҚКЖАА мамандары Қытайдағы тағылымдама нәтижелерімен бөлісті

2026 жылғы 8–19 маусым аралығында Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының алты маманы Қытайдың Шанхай қаласындағы жетекші балалар ауруханаларының бірі — Children's Hospital of Fudan University базасында кәсіби тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамадан кейін дәрігерлер мен қызметкерлер аурухана ұжымына есеп беріп, алған білімдерімен және халықаралық тәжірибемен бөлісті. Кездесу барысында балалардағы инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, реанимациялық көмекті ұйымдастыру, инфекциялық бақылау және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
🤝 Халықаралық ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

#ДГКИБ #Алматы #ДенсаулықСақтау #Тағылымдама #Қытай #Шанхай #Педиатрия #ИнфекциялықАурухана #БалаларДенсаулығы #ХалықаралықЫнтымақтастық

🌏 Специалисты ДГКИБ прошли стажировку в Китае и поделились полученным опытом с коллективом больницы.

С 8 по 19 июня наши врачи-инфекционисты, анестезиологи-реаниматологи и представитель Службы поддержки пациентов проходили обучение в Children's Hospital of Fudan University (Шанхай, КНР) — одном из ведущих детских медицинских центров Китая.
По возвращении специалисты представили коллегам современные подходы к диагностике и лечению инфекционных заболеваний, организации реанимационной помощи, инфекционного контроля и обеспечения безопасности пациентов.
Полученные знания и международный опыт будут способствовать дальнейшему развитию ДГКИБ, внедрению современных медицинских технологий и повышению качества помощи детям.
🤝 Международное сотрудничество открывает новые возможности для профессионального роста и совершенствования отечественного здравоохранения.

#ДГКИБ #Алматы #Здравоохранение #Стажировка #Китай #Шанхай #Педиатрия #ИнфекционнаяБольница #Медицина #ДетскоеЗдоровье

17/06/2026

Алматы қалалық Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында Госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды* 2026 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның «Апорт» филиалында Госпитальдық фармация бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға дәрілік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырудағы жаңа кезеңнің бастамасы болып табылады.

Жаңа құрылымдық бөлімшенің ашылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған клиникалық фармакология бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, Медицина қызметкері күніне орайластырылды.

Салтанатты іс-шараға аурухана директоры Ержан Сералин қатысып, клиникалық фармакология қызметін дамыту мен стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Госпитальдық фармация бөлімшесінің құрылуы дәрілік терапияны басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға және дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкес ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді медициналық ұйымның басшысы.

Госпитальдық фармация бөлімшесі – аурухананың мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі. Оның қызметі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын жоспарлаудан бастап, оларды пациенттерге қауіпсіз әрі тиімді қолдануға дейінгі барлық кезеңдерді ұйымдастыруға және бақылауға бағытталған.

Бөлімшенің басшысы болып клиникалық фармакология бөлімшесінің меңгерушісі, клиникалық фармаколог Мұхитова Динара Төрегелдіқызы тағайындалды.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:
• дәрілік терапияның сапасы, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру;
• дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жүйесін жетілдіру;
• фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін мониторингтеу;
• дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлерінің алдын алу және оларды анықтау;
• дәрігерлер, клиникалық фармакологтар және фармацевтикалық мамандар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды дамыту;
• госпитальдық фармацияның заманауи қағидаттарын тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне енгізу.

Госпитальдық фармация бөлімшесінің ашылуы педиатрия саласындағы клиникалық фармакология мен дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлімше Алматы қаласының балаларына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ рационалды фармакотерапия саласындағы халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

В Алматинской городской детской клинической инфекционной больнице открыт новый этап развития лекарственной безопасности* 17 июня 2026 года в филиале «Апорт» КГП на ПХВ «Детская городская клиническая инфекционная больница» Управления общественного здравоохранения города Алматы состоялось торжественное открытие Отделения госпитальной фармации — нового структурного подразделения, призванного повысить безопасность, эффективность и качество лекарственной терапии в стационаре.

Открытие отделения реализовано в рамках Дорожной карты по совершенствованию медицинской помощи по клинической фармакологии Министерства здравоохранения Республики Казахстан на 2024–2026 годы и приурочено ко Дню медицинского работника.

В церемонии открытия принял участие директор больницы Ержан Сералин, который подчеркнул значимость развития клинической фармакологии и внедрения современных подходов к организации лекарственного обеспечения в стационаре.

«Создание Отделения госпитальной фармации позволит вывести систему управления лекарственной терапией на качественно новый уровень, повысить безопасность пациентов и обеспечить рациональное использование лекарственных средств в соответствии с международными стандартами», — отметил руководитель медицинской организации.

Отделение госпитальной фармации является специализированным подразделением больницы, деятельность которого направлена на организацию и контроль процессов обращения лекарственных средств и медицинских изделий на всех этапах — от планирования потребности и поступления в медицинскую организацию до их безопасного и эффективного применения пациентами.

Руководителем подразделения назначена заведующая отделением клинической фармакологии, клинический фармаколог Мухитова Динара Турегельдиевна.

Основными задачами отделения являются:
• повышение качества, эффективности и безопасности лекарственной терапии;
• совершенствование системы рационального использования лекарственных средств;
• мониторинг эффективности и безопасности фармакотерапии;
• профилактика и выявление нежелательных реакций на лекарственные препараты;
• развитие междисциплинарного взаимодействия между врачами, клиническими фармакологами и фармацевтическими специалистами;
• внедрение современных принципов госпитальной фармации в практическое здравоохранение.

Открытие Отделения госпитальной фармации является важным шагом в развитии клинической фармакологии и системы лекарственного обеспечения в педиатрии. Новое подразделение будет способствовать дальнейшему повышению качества и безопасности медицинской помощи детям города Алматы, а также внедрению лучших международных практик в сфере рациональной фармакотерапии.

🚴   *Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады*Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамок...
05/06/2026

🚴 *Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады*

Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамокат пайдаланушылар саны сөзсіз артады. Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады.
Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында қорғаныш дулығасын киіп, велосипедтің техникалық жағдайын тексеруге кеңес береді. Тежегіш жүйесі, руль, дөңгелектер мен жарық беру құрылғылары жарамды болуы тиіс.
Сондай-ақ велосипедшілер арнайы веложолақтармен жүріп, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде велосипедтен түсіп, жолды жаяу кесіп өткен жөн.
Полиция қозғалыс кезінде телефон пайдаланудан, құлаққап тағудан және қауіпті маневрлер жасаудан бас тартуға шақырады.
📌 Полиция азаматтарды жол қозғалысы мәдениетін сақтап, өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

🚴 *Полицейские призывают соблюдать правила безопасности при езде на велосипеде*

В связи с увеличением числа пользователей велосипедов и электросамокатов в летний период полиция напоминает жителям о необходимости строгого соблюдения требований безопасности во время участия в дорожном движении.
Стражи порядка отмечают, что перед выездом на велосипеде необходимо надеть защитный шлем и проверить техническое состояние транспортного средства. В частности, тормозная система, руль, колеса, осветительные приборы и световозвращающие элементы должны быть полностью исправны.
Сотрудники полиции рекомендуют велосипедистам передвигаться по специально оборудованным велодорожкам, соблюдать требования дорожных знаков и сигналов светофора, а при пересечении пешеходного перехода спешиваться и переходить дорогу пешком.
Кроме того, напоминается, что использование телефона, ношение наушников, выполнение опасных маневров и организация гонок во время движения создают угрозу жизни и здоровью участников дорожного движения.
📌 Полиция призывает граждан соблюдать культуру дорожного движения, ответственно относиться к собственной безопасности и не оставаться равнодушными к безопасности окружающих.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

04/06/2026

🏥 Алматыда медициналық көмек бұрынғыдан да қолжетімді болды

Соңғы бір жылда қалада денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

✅ Бостандық ауданында жаңа №37 емхана ашылды;
✅ Жетісу ауданында 20 мың тұрғынға арналған емхана іске қосылды;
✅ Бірқатар емханалар мен жедел жәрдем станциялары күрделі жөндеуден өтті;
✅ Қалаға 50 жаңа жедел жәрдем көлігі жеткізілді;
✅ Науқастарды қабылдау мен қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Алматылықтар үшін сапалы әрі үздіксіз медициналық көмекке қолжетімділік артып келеді.

Address

Байзакова 299а
Almaty
050000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Детская городская клиническая инфекционная больница г. Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Детская городская клиническая инфекционная больница г. Алматы:

Shortcuts

Share