БолашакК

БолашакК Реабилитационный Центр “БолашакК”: восстанавливаем функциональные возможности человека после болезни

Бір күн — баланың оңалтудан өтуі қалай өтеді?Бізге оңалтуға келетін баланың кәдімгі бір күні қалай өтеді?Таңертең күн бі...
31/07/2026

Бір күн — баланың оңалтудан өтуі қалай өтеді?
Бізге оңалтуға келетін баланың кәдімгі бір күні қалай өтеді?

Таңертең күн бірден процедуралардан басталмайды. Алдымен мамандар баланың өзін қалай сезініп тұрғанын, соңғы уақытта қандай өзгерістер болғанын және бүгінгі күні қандай бағытқа көңіл бөлу маңызды екенін бағалайды.

Алдымен — невролог.
Маман баланың жағдайын бағалап, оңалту тобына қажетті ұсыныстар береді. Себебі әрбір сабақ баланың жеке қажеттіліктеріне сай болуы керек.

Келесі — АФК/ЛФК.
Қимылдау, байқап көру, қайталау уақыты. Үйлесімділікке, тепе-теңдікке, күш пен қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар орындалады.

Содан кейін — логопед.
Кейде сабақ ойыннан, қарапайым тапсырмалардан және қарым-қатынастан басталады. Сөйлеуді түсіну, қарым-қатынас жасау және сөйлеу дағдыларын дамытамыз.

Келесі — дефектолог.
Зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар орындалады. Барлығы ойын арқылы және баланың қызығушылығы мен қазіргі мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі.

Тағы бір маңызды бағыт — эрготерапия.
Күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларды үйренеміз: күнделікті әрекеттерді орындау, ойнау, заттарды дұрыс пайдалану, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау және біртіндеп өздігінен әрекет етуге үйрену.

Сабақтардан кейін мамандар баланың нәтижелерін талқылап, әрі қарай қандай бағыттарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.
Бір күн осылай өтеді.
Әрдайым оңай бола бермейді. Бәрі бірден орындала бермейді. Бірақ бала күн сайын жаңа нәрсені байқап көреді, ал мамандар оның өзгерістерін бақылап, жұмыс бағытын қажетіне қарай түзетіп отырады.
Осындай қарапайым күндерден біртіндеп үлкен оңалту процесі қалыптасады.

Қазіргі таңда «БолашакК» ҚҚ Атырау облысындағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды оңалту жобасын ExxonMobil Kazakhstan компаниясының қолдауымен төртінші ай қатарынан жүзеге асырып келеді. Бұл жоба сапалы әрі кешенді оңалтудың балаларға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Оңалту маңызды!♥️
Балалар қажетті көмекті алуы үшін, ал ата-аналар қолдау мен баласына әрі қарай қалай көмектесуге болатыны туралы нақты түсінік алуы үшін.


Бір күн — баланың оңалтудан өтуі қалай өтеді?Бізге оңалтуға келетін баланың кәдімгі бір күні қалай өтеді?Таңертең күн бі...
31/07/2026

Бір күн — баланың оңалтудан өтуі қалай өтеді?

Бізге оңалтуға келетін баланың кәдімгі бір күні қалай өтеді?

Таңертең күн бірден процедуралардан басталмайды. Алдымен мамандар баланың өзін қалай сезініп тұрғанын, соңғы уақытта қандай өзгерістер болғанын және бүгінгі күні қандай бағытқа көңіл бөлу маңызды екенін бағалайды.

Алдымен — невролог.
Маман баланың жағдайын бағалап, оңалту тобына қажетті ұсыныстар береді. Себебі әрбір сабақ баланың жеке қажеттіліктеріне сай болуы керек.

Келесі — АФК/ЛФК.
Қимылдау, байқап көру, қайталау уақыты. Үйлесімділікке, тепе-теңдікке, күш пен қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар орындалады. Кейде бәрі бірден сәтті шығады, ал кейде бірнеше рет қайталап көру қажет.

Содан кейін — логопед.
Кейде сабақ ойыннан, қарапайым тапсырмалардан және қарым-қатынастан басталады. Сөйлеуді түсіну, қарым-қатынас жасау және сөйлеу дағдыларын дамытамыз.

Келесі — дефектолог.
Зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар орындалады. Барлығы ойын арқылы және баланың қызығушылығы мен қазіргі мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі.

Тағы бір маңызды бағыт — эрготерапия.
Күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларды үйренеміз: күнделікті әрекеттерді орындау, ойнау, заттарды дұрыс пайдалану, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау және біртіндеп өздігінен әрекет етуге үйрену.

Сабақтардан кейін мамандар баланың нәтижелерін талқылап, әрі қарай қандай бағыттарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.

Бір күн осылай өтеді.
Әрдайым оңай бола бермейді. Бәрі бірден орындала бермейді. Бірақ бала күн сайын жаңа нәрсені байқап көреді, ал мамандар оның өзгерістерін бақылап, жұмыс бағытын қажетіне қарай түзетіп отырады.
Осындай қарапайым күндерден біртіндеп үлкен оңалту процесі қалыптасады.
Қазіргі таңда ОФ «БолашакК» Атырау облысындағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды оңалту жобасын ExxonMobil Kazakhstan компаниясының қолдауымен төртінші ай қатарынан жүзеге асырып келеді. Бұл жоба сапалы әрі кешенді оңалтудың балаларға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Оңалту маңызды!♥️
Балалар қажетті көмекті алуы үшін, ал ата-аналар қолдау мен баласына әрі қарай қалай көмектесуге болатыны туралы нақты түсінік алуы үшін.

31/07/2026

Құлсары қаласында балаларды оңалтудың үшінші легі аяқталды ♥️

15 күндік оңалту курсынан сәтті өткен біздің тамаша бүлдіршіндеріміз табандылығы мен еңбегі, сондай-ақ курсты сәтті аяқтағаны үшін арнайы мадақтамалармен марапатталды 🥳

Жылыой ауданы, Құлсары қаласында балаларды оңалту жұмыстары «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Жылыой ауданында ерте оңалтуды ұйымдастыру жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда ✅

Завершился третий поток реабилитации в г. Кульсары♥️

Наши замечательные дети, завершившие 15-дневный курс, были награждены похвальными грамотами за упорный труд и успешное окончание курса🥳

Реабилитация детей в г. Кульсары Жылыойского района проводится при поддержке компании «Тенгизшевройл» в рамках программы социальных инвестиций по проекту организации ранней реабилитации в Жылыойском районе✅

#БолашакКраннеевмешательство
#раннеевмешательство
#раннеевмешательствоатырау
#ранняяреабилитациядетей
#Тенгизшевройл

31/07/2026

Күлсары қаласында балаларды оңалтудың үшінші легі аяқталды ♥️
15 күндік оңалту курсынан сәтті өткен біздің тамаша бүлдіршіндеріміз табандылығы мен еңбегі, сондай-ақ курсты сәтті аяқтағаны үшін арнайы мадақтамалармен марапатталды 🥳
Жылыой ауданы, Күлсары қаласында балаларды оңалту жұмыстары «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Жылыой ауданында ерте оңалтуды ұйымдастыру жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда ✅

Завершился третий поток реабилитации в г. Кульсары♥️

Наши замечательные дети, завершившие 15-дневный курс, были награждены похвальными грамотами за упорный труд и успешное окончание курса🥳

Реабилитация детей в г. Кульсары Жылыойского района проводится при поддержке компании «Тенгизшевройл» в рамках программы социальных инвестиций по проекту организации ранней реабилитации в Жылыойском районе✅

16/07/2026

‼️Барлығына арналған логопедиялық массаж‼️

Логопедиялық массаж бойынша мамандар мен ата-аналарға арналған тәжірибелік курс.

Курс барысында сіз:
• логопедиялық массаждың негізгі тәсілдерін меңгересіз;
• қолды дұрыс қою техникасын үйренесіз;
• сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін игересіз;
• логопедиялық массажды тәжірибеде тиімді қолдануды үйренесіз;
• логопедиялық түзету жұмысының негізгі қағидалары мен әдістерін меңгеріп, оларды күнделікті тәжірибеде қолдану жолдарын үйренесіз.

Курс кімдерге арналған?
Логопедтерге, дефектологтарға, психологтарға, нейропсихологтарға, реабилитация мамандарына және ата-аналарға.

Оқытушы:
Алина Юрьевна Ковалёва - логопед, нейропсихолог, РосНОУ (Мәскеу, Ресей) және Ege University (Измир, Түркия) университеттерінің бакалавры.

Қазіргі бағасы – 80 000 теңге (топтық оқу)
~150 000 теңгенің орнына~ жеңілдікпен ✅

Сондай-ақ жеке форматтағы оқу да қарастырылған.

Орын саны шектеулі.

📩 Жазылу:
Direct / WhatsApp
+7 702 514 01 53

#логомассажатырау

08/07/2026

Оңалту - 10–15 күндік курс қана емес‼️

Біз баланың дамуындағы өзгерістерді үнемі бақылап отырамыз, ата-аналармен кездесіп, жетістіктері мен қиындықтарын бірге талқылаймыз. Дәрігерлердің кеңесі мен мамандардың супервизиясы өткізіліп, қажет болған жағдайда оңалту бағдарламасы қайта қаралады. Себебі әр баланың даму жолы – ерекше.

Оңалту - бұл жай ғана курстан өту емес. Бұл - тұрақты қолдау, үздіксіз бақылау және ата-анамен бірлескен жұмыс.

Жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Балалардың сапалы әрі үздіксіз оңалту алуына қосқан үлесі үшін серіктесімізге алғысымызды білдіреміз 🤍

#БолашакКраннеевмешательство
#раннеевмешательство
#раннеевмешательствоатырау
#ранняяреабилитациядетей
#Тенгизшевройл

08/07/2026
7 шілде күні «БолашакК» ҚҚ мамандары Жылыой аудандық орталық емханасында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін консул...
06/07/2026

7 шілде күні «БолашакК» ҚҚ мамандары Жылыой аудандық орталық емханасында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін консультациялар мен тексерулер өткізеді.

👩‍⚕️ Қабылдау жүргізетін мамандар:
— невролог
— реабилитолог
— биорезонанстық терапия диагностикасының маманы

📍 Өтетін орны: Жылыой аудандық орталық емханасы

Бұл іс-шара Жылыой ауданында ерте оңалтуды ұйымдастыру жобасы аясында, «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады.

✨ Баланың дамуын дер кезінде бағалап, кәсіби кеңес алуға мүмкіндік алыңыз!

#БолашакКраннеевмешательство
#раннеевмешательство
#раннеевмешательствоатырау
#ранняяреабилитациядетей
#Тенгизшевройл

Конституция – бұл заңдар мен ресми сөздер жазылған кітап қана емес. Бұл – ортақ өміріміздің, құқықтарымыздың, мүмкіндікт...
03/07/2026

Конституция – бұл заңдар мен ресми сөздер жазылған кітап қана емес. Бұл – ортақ өміріміздің, құқықтарымыздың, мүмкіндіктеріміздің және ертеңгі күнге деген сеніміміздің берік негізі.

Әрқайсымыз адам құқығы құрметтелетін, еңбегі бағаланатын, отбасы қадірленетін, әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалған әділетті, қауіпсіз әрі қуатты мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Осындай асыл құндылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Жаңартылған Конституция – еліміздің жаңғыруға, ашықтыққа және әділ қоғам құруға деген ұмтылысының айқын белгісі. Ол Қазақстанның жарқын болашағы тек мемлекетке ғана емес, әрқайсымыздың жауапкершілігімізге, белсенділігімізге және бейжай қарамауымызға байланысты екенін еске салады.

Отанға деген сүйіспеншілік үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады: адамдарды құрметтеуден, заңды сақтаудан, жақындарымызға қамқор болудан және айналамыздағы өмірді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылудан.

Еліміз әрдайым қуатты, әділетті әрі гүлденген мемлекет болып, әрбір азамат өзін қорғалған, қадірлі және қоғамға қажет жан ретінде сезіне берсін! 🇰🇿

Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы күні құтты болсын!
Әр шаңырақта бейбітшілік, береке-бірлік және жарқын болашаққа деген сенім орнасын!

Address

Улица М. Исенова 48
Atyrau
060011

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+7 776 055 66 11

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when БолашакК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to БолашакК:

Shortcuts

Share