Atyraý oblystyq aýrýhana 2

Atyraý oblystyq aýrýhana 2 Атырау облыстық инфекциялық аурухана

29/07/2026

Атырау қаласында 27–31 шілде аралығында ACQH ұйымының ISQua аккредиттеген бағдарламасы бойынша аккредиттеу жөніндегі жаңа сарапшыларды даярлау курсы өтуде.

Оқу аясында бүгін біздің аурухана практикалық база ретінде қатысушыларды қабылдады. Практикалық бөлімде медициналық ұйымның аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалаудың маңызды құралы – трейсерлік бағалау жүргізілді.

27/07/2026

24 шілде және 27 шілде күндері қызметкерлерге арналған кезекті семинар сабағы өткізілді.

Тақырыбы: «КӨК КОД»

Семинардың мақсаты – пациенттің жағдайы күрт нашарлаған немесе жүрек-өкпе қызметі тоқтаған жағдайда медициналық қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекет ету алгоритмін жетілдіру.
Семинарды жансақтау бөлімінің меңгерушісі Танатбай Гүлжазира Алмасовна және дәрігер-реаниматолог Алмұрат Жансая Жұбатырқызы жүргізді.

Семинар барысында «КӨК КОД» жүйесін іске қосу тәртібі, реанимациялық көмекті ұйымдастыру алгоритмдері, әрбір қызметкердің міндеттері және шұғыл жағдайларда тиімді командалық жұмыстың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені қалай алуға болады?
20/07/2026

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қалай алуға болады?
20/07/2026

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қалай алуға болады?

17/07/2026
17/07/2026

«Бір күн тазалықшысыз…» жанкүйерлер сайысы

Назарларыңызға «Өмір сақшылары » тобының (реанимация және қабылдау бөлімшелері) дайындаған бейнеролигін ұсынамыз.

17/07/2026

«Бір күн тазалықшысыз…» жанкүйерлер сайысы

Назарларыңызға І орынға ие болған “Ақ ниет” тобының (Жұқпалы ішек аурулар бөлімшесі) дайындаған бейнероликті ұсынамыз.

17/07/2026

«Бір күн тазалықшысыз…» жанкүйерлер сайысы

Назарларыңызға ІІІ орынға ие болған «Сенім » тобының (жіті респираторлық вирусты бөлімшесі) дайындаған бейнеролигін ұсынамыз.

16/07/2026

🩺 «Кіші буын қызметкерлері күні» – «Таза орта – қауіпсіз ем»

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында Кіші буын қызметкерлері күніне арналған «Таза орта – қауіпсіз ем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл мереке аурухана әкімшілігінің бастамасымен 2024 жылы Ұжымдық шартқа енгізіліп, содан бері жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде аталып келеді. Оның басты мақсаты – кіші буын қызметкерлерінің еңбегін дәріптеп, медицина саласындағы маңызды рөлін айқындау.

Іс-шара барысында аурухана директоры Н.А.Үкібаев ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы еңбегі үшін зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құрмет көрсетті. Атап айтқанда, кір жуу бөлімінің қызметкері Бисенова Гүлшат Өндірісқызы, жұқпалы ішек аурулар бөлімшесінің тазалықшысы Кабиева Жұпар Мұғалімқызы және бактерио-серологиялық зертхананың тазалықшысы Кереева Баян Ғалымқызының еңбегі ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленген бірқатар кіші буын қызметкерлері аурухана әкімшілігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік бағдарлама бөлімшелер арасындағы тартысты сайыстармен жалғасты. Қатысушы командалар дезинфекциялық режим, аса қауіпті инфекциялар, обаға қарсы қорғаныш киімін дұрыс кию және қауіпсіздік кодтарын орындау бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Сайысқа әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында:
🔹 Бисекенова Роза Игалиевна – Атырау жоғары медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі;
🔹 Есмағамбетова Жанат Жанабаевна – «Алғыс» сауатты науқас мектебінің жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
🔹 Сағналиева Салима Жұмажановна – «Парыз» мейіргер ісі мамандарының республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының жетекшісі, Атырау облыстық балалар ауруханасының мейіргер ісі бойынша координаторы;
🔹 Қизатова Нұрфия Төлемісқызы – медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары.

🏆 Қазылар алқасының шешімімен сайыс қорытындысы:

🥇 І орын – «Ақ ниет» командасы (Жұқпалы ішек аурулар бөлімшесі);

🥈 ІІ орын – «Бірлік» командасы (Кеңес-диагностикалық бөлім және госпитальдық фармация бөлімшесі);

🥉 ІІІ орын – «Сенім» командасы (Жіті респираторлық вирустық инфекциялар бөлімшесі).

Бұл іс-шара – күн сайын ауруханадағы тазалық пен инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, пациенттердің сауығуына зор үлес қосып жүрген кіші буын қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген шынайы құрметтің көрінісі.

Барлық қатысушыларға, қазылар алқасына алғысымызды білдіреміз!

💙 Таза орта – қауіпсіз ем!
💐 Кіші буын қызметкерлері күні құтты болсын!
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

Address

С. Бейбарыс даңғылы, 412Проспект С. Бейбарыса. 412
Atyrau
060000

Telephone

+77780489407

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Atyraý oblystyq aýrýhana 2 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Atyraý oblystyq aýrýhana 2:

Shortcuts

Share

Category