26/08/2026
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ЖҮКТІЛІККЕ ҮМІТ
Хирургиялық стерилизация — маңызды әрі жауапты шешім. Алайда кейбір жағдайларда жатыр түтігінің өткізгіштігін қалпына келтіруге болады. Және мұндай операциядан кейін оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі де жоғары болуы ықтимал.
Көктемде Облыстық клиникалық ауруханада күрделі клиникалық жағдай бойынша операция жасалды. Осыдан 8 жыл бұрын ерікті түрде хирургиялық стерилизациядан өткен пациент жатыр түтігінің өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында медициналық көмекке жүгінді.
Гинекологтар, урологтар және басқа да бейінді мамандардан құралған медициналық топтың бірлескен жұмысының нәтижесінде жатыр түтігін қалпына келтіру бойынша операция жасалды.
Жақында пациент бақылау тексеруінен өту үшін қайтадан клиникаға келді. Бұл нәтиже бүкіл медициналық команда үшін аса маңызды болды: қалпына келтірілген жатыр түтігінің өткізгіштігі сақталған және ол жақсы қызмет атқарып тұр.
Қазіргі уақытта пациент дәрігерлердің бақылауында. Біз көптен күткен жүктіліктің орын алуына үміттенеміз және бұл қуанышты жаңалықпен міндетті түрде сіздермен бөлісетін боламыз.
——————
ШАНС НА БЕРЕМЕННОСТЬ ПОСЛЕ ХИРУРГИЧЕСКОЙ СТЕРИЛИЗАЦИИ
Х�