03/08/2026
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері
"Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгісі
Төсбелгімен:
халық денсаулығын сақтауға ерекше үлес қосқаны үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 10 жыл болатын және одан асатын денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен жұмыскерлері;
халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесіне (оның ішінде қан донорлығына, плазма тапсыруға және тағы басқаға) өлшеусіз үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
"Құрметті донор" төсбелгісі
Төсбелгімен кемінде 40 рет қанды және (немесе) тромбоциттерді донациялауды, кемінде 70 рет плазма донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.
дереккөз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000575
______
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"
Основания награждения ведомственными наградами
Нагрудный знак "Денсаулық сақтау саласының үздігі"
Нагрудным знаком награждаются:
сотрудники и работники системы здравоохранения, имеющие стаж работы 10 лет и более в календарном исчислении в соответствии с законодательством Республики Казахстан, за особый вклад в охрану здоровья населения;
граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие неоценимый вклад в охрану здоровья населения и систему здравоохранения (в том числе в донорство крови, сдачу плазмы и другое).
Нагрудный знак "Құрметті донор"
Нагрудным знаком награждаются граждане Республики Казахстан, а также иностранные граждане и лица без гражданства, находящиеся на территории Республики Казахстан, за осуществление на безвозмездной основе донаций крови и (или) тромбоцитов не менее 40 раз, донаций плазмы не менее 70 раз.
Источник: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000575