14/07/2020
«Құрметті қазақстандықтар! Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (бұдан әрі – КҰФ) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі ретінде айқындалған.
ҚҰФ веб-сайтында дәрілік заттар туралы монографиялар бар, олар үнемі жаңартылып отырады және медицина қызметкерлеріне препараттар, оларды пайдалану тәжірибесі туралы ақпарат алуға, ұтымды фармакотерапия саласында біліктілігін үнемі жоғарылатуға және білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Коронавирустық инфекцияның әлемде таралуына байланысты, Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына - COVID-19 енгізілген дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін КҰФ веб-сайтында «COVID-19» айдары құрылды. Осы айдардан сіз пациенттерге арналған жаднамаларды, ұлттық клиникалық хаттаманың соңғы жаңартылған нұсқасын, «Коронавирустық инфекция - COVID-19» клиникалық хаттамамен ұсынылған дәрілік заттарға арналған монографияларды таба аласыз.
Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр көпшілікке онлайн режимінде www.knf.kz веб-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде қол жетімді. ҚҰФ құрылымы ДДҰ жүйесі бойынша құрылған. Дәрілік зат туралы барлық қажетті ақпарат бір бетте орналасқан (атауы, қолдану және мөлшерлеу көрсеткіштері, қауіпсіздік шаралары, қарсы көрсеткіштері, дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдану, жүктілік кезінде және емізу кезінде препаратты қолдануға қатысты жазбалар, сондай-ақ жағымсыз реакциялар жазылған.)
Сондай-ақ, ҚҰФ веб-сайтында кері байланыс қарастырылған, онда сайт пайдаланушылары пікірлері мен тілектерін, сұрақтары немесе ұсыныстарын қалдыра алады.