anar.apa

Directions

anar.apa Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from anar.apa, Astrologist & Psychic, Нуржол, Nur-Sultan.

20/08/2026
15/08/2026

Карғыс — ең жаман, ең ауыр сөз. Бұрын ата-бабаларымыз айтып кеткен өсиет сөз бар ғой: «Қарғыс алма, алғыс ал», «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген. Осы сөз тура, нақ айтылған сөз екен.

Бүгін бір кісі келді. Сол кісінің әңгімесі маған қатты ой тастады.

Осыдан үш жыл бұрын ауылдың бетке ұстар ақсақалы қатты налып, қарғапты. Бұл кісінің жұмысы: жаз болса егін салады екен.

Қауын, қарбыз, жүгері, жоңышқа егемін, — дейді. Жерге тастаған дәнім еш мені қинамайды, жайқалып шығады. Сатамын, қалғанын жейміз. Сегіз баланы осы жер-ананың қойнауымен асырап бақтым.

Бір күні ауылдағы ақсақалдың екі сиыры егінге түсіп кетіпті.

Қуып айдап шығарайын десем, ыстық күнде олай қашып, бұлай қашып бой бермеді. Ашумен қолымдағы орақты жіберіп ұрдым. Сол кезде орақ сиырдың қарнына қадалып, сиыр сол жерде өліпті. Өзім де қорқып қалдым. Дереу ақсақалға барып айттым. Ақсақал қатты сөздер айтты: «Мастанғансың! Егінің шөлге айналсын! Сүтін сауып ішіп отырған сиырды өлтірдің!» — деп, үйінен қуып шықты. «Ақсақал, сиыр сатып алып берейін» десем, еш сөзге келмеді. Жүрегім алай-дүлей болып үйге келдім. Екі күннен соң сиырды сатып алып үйіне барып едім, қабылдамай қойды. Осы қарғыстан кейін бақандай үш жыл өтті. �

07/08/2026

Есек жем кеселі және оның шипасы

#есекжем
#қазақшаемшара
#крапивница
#анарапа
#аллергия

21/07/2026

Бүгінгі айтарым - тіл-көз туралы. Тіл-көздің адам өміріне тигізетін әсері өте ауыр болады. Тіл-көз тиген адамның ісі оңға баспай, жолы байлана бастайды. Ұйқысы қанбайды. Басы ауырып, жағымсыз түстер көріп, мазасы кетеді. Еш нәрсеге қызықпайды. Ылғи ауырып отырады. Ұл бала болса, үйленбей қалады. Қыз бала болса, тұрмыс құрмайды. Ата-бабаларымыз айтып кеткендей: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген. Сол рас айтылған.

Осыдан сегіз ай бұрын Қарағанды қаласынан үріп ауызға салғандай әдемі қызды тіл-көзден тазалап, Құранмен оқыдым. Бір ай, он күн дегенде тазарды деген аян келді. Қыздың өзі де түс көріп айтты.

«Апа, түсімде кеудемнен қап-қара бір нәрсе шығып қашты», - деді. Әр аурудың егесі болады. Кеудесінен шығып қашқан қара нәрсе - сол тіл-көздің егесі еді.

Жолы ашылып, бойы жеңілдеген соң, осы қыз бір апта бұрын тұрмысқа шықты. «Апа, сүйінші сұрап жатырмын сізден», - деп хабарласты. Бірінші Алла, екінші Құран аяттарының көмегімен жолын тауып, тұрмыс құрып, қуанып жатыр.

Айтарым, сіздердің де бойларыңызда өздеріңіз түсінбей жүрген құбылыс болса, тазарып, оқылыңыздар. Алла сәтін салса, бәрі оңынан болады.

Тіл-көз сиқырдан да жаман. Сол үшін, көлік, үй, адам, бала-шағаны тазартып отырыңыздар. �

26/06/2026

Бүгінгі сөзіме тиек болып отырған – бір апаның ағынан жарылып айтқан әңгімесі.

Апа өте қуанышты екен. Ұлдары ұяда, қыздары өз отбасын тапқан. Бәрі де жақсы тұрады. «Анаға осыдан басқа не керек?» дейді.

«Қолымда ең кіші балам тұрады. Бұл – төртінші келінім. Келінім өте ақылды. Қандай нәрсе болса да, зеректігі сонша, қабағыңнан бәрін біліп отырады. Келінімнің жарқылдаған жүзін көргенде, бойыма күш-қуат пайда болады.

Аптасында бір күн сырттағы балалар “қарашаңырақ” деп біз отырған үйге жиналады. Алла берген сегіз перзентім бар. Солар келгенде қырық түрлі тамағын дайындап, бәрінің ой-бабынан шығып, мәз-мейрам етіп шығарып салады.

Ол келінім келгелі үйіміз берекеге, шаттыққа толды. Иіліп сәлем салып, аталап, апалап, ағалары мен жеңгелерін де мәз етіп жүреді. Аптасына бір рет бәріміз жиналғанда, үйдің іші қуанышқа толып, той болып кетеді», дейді апа.

Бұны айтып отырғаны, «келініме көз тиді ме, бір апта болды арқасына шаншу пайда болып, кетпей тұр. Соны оқып беріңізші» деп хабарласты.

Осындай ене мен келіннің татулығы мені де қатты қуандырды. «Бұл келінді қандай ана тәрбиеледі екен?» деп, сол келіннің анасын көргім келді.

Ене келінді мақтап, келін енені мақтап отырса, нұр үстіне нұр жауар еді.

09/06/2026

Бүгін бір кісі хабарласты. Жаңа үйге кірген екен. Өздері салмаған, сатып алған. Жерден салынған үлкен үй екен.

Айтуынша, үйге қоныстанғалы бері тыныш ұйқы көрмеген. Есіктер өздігінен сарт-сұрт ашылып-жабылады екен. Түннің бір жарымында жылаған баланың дауысы естіледі. Өздері алты адам тұрады. Үйді алғандарына үш ай болыпты. Сол уақыттан бері қорқынышпен тұрып жатырмыз. Осыны қарап, айтып беріңізші, одан қалай құтыламыз деп сұрады.

Бұдан құтылу мүмкін емес. Себебі, бұл жердің иесі емес. Үй мүрде жатқан орынның үстіне салынған. Киелі адамдар болады ғой, сол жатқан адамдардың біреуі немесе бірнешеуі киелі болып тұр. Төбелерінен тарсылдатып жүргені, адамдарға ескерту жасап, «кет» деп жатқандары. Өлі аруақтарға тыныштық керек болып тұр.

Қарауым бойынша, жеті-сегіз жастағы бала мен жетпістің шамасындағы қарияның рухы тынышталмай тұр. Сондықтан бұл үйден көшіп, басқа жерге қоныстанған дұрыс деп айттым. Бұл кісілер ақша жоқ, қайда барамыз деп, сарсаң күйге түсіп отыр.

Үй алатын кісілер сақ болыңыздар. Баспананы сатып алмас бұрын әбден тексеріп, көріп алыңыздар. Қомақты қаржы төлеп алған үйден осындай қиындық шығуы өте ауыр.

Бұл кісілер сатқан адамдардан да сұраған екен, «мына үй тыныш емес» �

04/05/2026

Бүгінгі ой толғағалы отырған мақаланы көптен бері жазғым келіп жүрген едім. Сол ойымды білгендей, қазір ғана алпыстан асқан бір әйел кісі хабарласып, жылап алды.

«Жесір болып жүріп, үш баланы өсірдім. Өзім ішпесем де осылар ішсін, осылар кисін, осылар оқысын деп, күндіз-түні үш жерде жұмыс істедім. Менде демалыс болған жоқ. Үш балам қатарынан кем болмасын деп, шамам келгенше жақсы өмір сүрулеріне көмектестім. Қатарларынан кем болған жоқ. Үшеуі де ер жетті, қолдарына үлкен оқудың дипломын алды.

Үйленеміз деді, жақсылап той жасап, ел қатарлы өткіздім. Қолымнан келгенше аналық мейірімімді бердім. Қуандым, енді демаламын, үшеуі мені бағады деген едім. Бірақ олай болмады. Үшеуінің де әйелдері «бөлек тұрамыз, енемен бірге тұра алмаймыз» деп кетті.

Қазір жеті жыл болды. Жалғыз өзім бір үйде отырмын. Ең болмаса аптасына бір-екі рет те келмейді. Үйленбей тұрғанда ұлдарым жақсы еді. Мені ойлап, мамалап жүретін. Қазір ол жоқ. Қолымнан күшім кетіп жатыр, жас келіп, ауру-сырқау көбейді. Енді мен не істейін? Қарап, ақылыңызды айтыңызшы», дейді.

Бұл әңгіме жеңіл қарайтын нәрсе емес. Тура осы сарында күніне он-он бес кісі хабарласады.

Менің өз ойымды айтсам, барлық отбасындағы үлкен кісілерге айтарым, өздеріңіз үшін де ақша жинаңыздар. Он теңге тапсаңыз, бес теңгесін өзіңізге сақтап қою керек. Денсаулыққа бірінші кезекте қарау керек. «Мынау кәрілік келгенде жұмсайтын ақшам» деп бөлек қаражат жинап қойған дұрыс.

Ұл үйленіп, қыз тұрмыс құрып кеткен жағдайда, өзіңізге көмек сол ақшаңыз болады. Ұлға алақан жаймайсыз. Қазір кейбір келіндер жүріп жүрген кезінен бастап-ақ «сенің әке-шешеңмен тұрмаймын» деп, бәрін кесіп-пішіп, орын-орнына қойып келеді.

Сондықтан бірінші Аллаға, екінші өзіңізге сеніңіз. Қазір ақырзаман. Біреуге біреу жақсылық жасау азайып бара жатыр. Көпке топырақ шашпаймын, ішінде бар. Салған төсектей жақсы келіндер де бар, бірақ өте аз.

Жастар неге ойланбайды екен? «Біз де қартаямыз, сонда өсіріп отырған ұл-қызымыз бізді де осылай тастап кетеді-ау» деп.

Ұзын сөздің қысқасы, отыз жастан бастап өзіме деп бөлек ақша жинау керек шығар. Алланың көзі тура болсын. Ешкімнің басына жалғыздықты бермесін.

#келінене
#балашаға
#анарапа
#әкешешеміздіқадірлейік
#емші

13/04/2026

Ұзақта тұратын бір ер адамды сиқырдан тазалап жүргенмін, екі айға жуық уақыт болды. Бұл кісі екі неке құрған. Қазақта «екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақал бар ғой, сол сияқты бұл кісі де екі әйел алып, бір бәлеге қалып, қара дуа жеп, төсек тартып жатып қалған.

Қатты ауырғанда, сол екі әйелі де тастап кеткен екен. Дәрігерлер ауруының себебін таппай, емханадан үйіне шығарған. Үйі де, күйі де жоқ, далада қалған еркекті қарашаңырақтағы інісі үйіне апарып, емшілерге қарата бастаған. Сол емшінің бірі маған да алып келді.

Екі әйелден келген, орысқа да, қазаққа да оқытқан сиқыр деп көрінді. Содан оқуды бастадым. Екі айға жуық уақыт өткенде беті бері қарап, өзі түс көріп, бүгін маған түсін жорытты. «Есіктің алды, өзімнің төсегім тола жылан мен тышқан екен. Соның түгелін жинап, бір қапқа салып өртеп жібердіңіз» деп айтты. Бұл қаралықтан, сиқырдан құтылғанының белгісі.

Өзі де мәз, «денем жеңілдеді, тамақ ішуім жақсарды» дейді. Енді келесі аптада жұмысқа шығайын деп отыр.

Бұны айтып отырғаным, кімнің түсіне жылан, ит, мысық, тышқан, сиыр сияқты аңдар кірсе, тез Құранмен тазарып, оқылу керек, денеге сіңдірмей. Тағы айтарым, еркектерге екі әйел алмай, бір әйелмен өсіп-өнгендері дұрыс. Қазіргі заман екі әйелді көтере алмайды. Бекерге дуа жеп, ер адамдардың көбі ауру болып қалып жатыр. «Біріншінің мазасын, екінші берсін жазасын» деген сөз бар.

Сондықтан әр отбасыға тату-тәтті үй болып өмір сүруді Алла нәсіп етсін!

#бәйбішетоқал
#қарасиқыр
#құранментазалау
#анарапа
#емші

18/03/2026

Қазағымыздың ежелден келе жатқан ырымдарының бірін жазғалы отырмын. Қойдың жауырын сүйегі (күрек сүйек) арқылы үйленбей жүрген ұл-қыздарға осындай ырым жасайды.

Мысалы, ұл баласы бар кісілер ұлының атын айтып, Алладан сұрап, жауырынды асады. Піскен соң Құран оқып, үш жұртының аруағына бағыштайды. Етін жеп болған соң, сүйегімен үйленбей жүрген немесе тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздың жауырынын, арқасын жауырынмен сипалап, Алладан тілейді.

«Алла жолын ашып, бір басын екеу ете көр» деп, сүйекпен басынан аяғына дейін сипап ұшықтайды. Ұшықтап болған соң қайта Құран оқып, Алладан сұрап, мінәжат етеді.

Сосын сүйектің етек жағын үшбұрыштап, қайшымен қырқып алады. «Перзентімнің жолы ашық болсын, басына бас, малына мал қосылсын, әумин» деп, бетін сипап қояды. Сүйекті аяқ баспайтын жерге лақтырып жібереді.

Алланың рақымы түссе, көп ұзамай үйленіп немесе тұрмыс құрып кетеді. Шынын айтқанда, осылай жасаған адамдардан көп естідім. Жауырынмен жасалған ырымның тура болатынын айтады.

Әжеттеріңізге жараса, жасап көріңіздер. Бұл да қазақтың жақсы ырымдарының бірі.

#қазақтыңырымдары
#тұрмысқашыққымкеледі
#үйленукерек
#анарапа
#көріпкел

16/03/2026

Он алтысынан он жетісіне қараған бүгінгі Қадір түні құтты болсын!

Отбасыларыңызға бақ қарап, Қыдыр дарысын. Әрбір күндеріңіз қуанышқа толы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрбір қазағымның үйіне Алланың нұры жаусын!

Бірінші тілерім, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Денсаулық байлығы мен дүние байлығын нәсіп етсін. Тек Алланың көзі оң болсын. Аумин!

#қадіртүні2026
#қасиеттітүн
#тілектерқабылболсын
#анарапа
#емші

Address

Нуржол
Nur-Sultan
010000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when anar.apa posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share