Plazma Zko

Call Directions Website Contact the practice

Plazma Zko Областной центр крови

Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеу...
02/11/2026

Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеует.

Мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына медициналық көмектің толық тізбесін пайдалануға кепілдік береді.

Медициналық көмек балаға барлық кезеңдерде: дүниеге келер алдындағы тексерулерден бастап, өмірінің алғашқы күндеріндегі бақылау, профилактика, диагностика, емдеу мен қалпына келтіру кезеңдеріне дейін ұсынылады. Бұл жұмысқа емханалардың, перинаталды орталықтардың, балалар ауруханасы мен мамандандырылған клиника дәрігерлері мен мейірбикелері қатысады.

Республика күні қарсаңында еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа жасалатын қамқорлық пен мүмкіндіктерден басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Уақтылы көрсетілген сапалы медициналық көмек балалардың салауатты өсіп, білім алуына, өз таланттарын ашып, армандарын жүзеге асыруына жол ашады. Жас буынның денсаулығын қорғау – әрбір отбасының әл-ауқатын және тұтас мемлекеттің қуатын нығайтудың негізі.
#мәмсбқо #фсмсзко #заңментәртіп #законипорядок МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

🌿 Ақ жол, ардақты әріптес!Бүгін ұжымымыз үшін ерекше әрі толқынысты күн. Ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп, өз ісіне а...
31/10/2026

🌿 Ақ жол, ардақты әріптес!

Бүгін ұжымымыз үшін ерекше әрі толқынысты күн. Ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп, өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен және адамгершілігімен әріптестерінің құрметіне бөленген аяулы әріптесіміз Габбасова Жумазира Төлеушовнаны зейнет жасына шығарып салдық.

Еңбек жолы — өмірдің үлкен бір белесі. Ал сол белесте атқарылған әр іс, төгілген тер, ел игілігіне қосылған үлес — артында қалатын өшпес із.

Жумазира Төлеушовна, Сізге ұжым атынан ұзақ жылғы еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! 🌷

Зейнеткерлік кезеңіңіз жайлы да шуақты, әр күніңіз қуаныш пен жақындарыңыздың мейіріміне толы болсын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, көңіліңізге тыныштық тілейміз!

Еңбекпен өрілген жылдар — ел жадында, ізгі есім — әріптестер жүрегінде.
Ақ жол, Жумазира Төлеушовна! 💐

29/10/2026

Как правильно оплатить ОСМС? Какой вид платежа выбрать и что проверить перед оплатой?

В нашей рубрике «ОСМС: коротко о главном» объясняем, чем отличаются взносы и отчисления и как избежать ошибок при оплате.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

29/10/2026

МӘМС төлемін қалай дұрыс жасауға болады? Қандай төлем түрін таңдау керек және төлем жасамас бұрын нені тексерген жөн?

«МӘМС: керек дерек» айдарында жарналар мен аударымдардың айырмашылығын және төлем кезінде қателерге жол бермеу жолдарын түсіндіреміз.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Республика күніне орай халық денсаулығын сақтау жолындағы елеулі еңбегі, кәсіби біліктілігі мен қызметіне деген адалдығы...
23/10/2026

Республика күніне орай халық денсаулығын сақтау жолындағы елеулі еңбегі, кәсіби біліктілігі мен қызметіне деген адалдығы үшін марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Бұл марапат — күнделікті жауапты еңбектің, жоғары кәсібиліктің және адам өмірі мен денсаулығына деген үлкен жауапкершіліктің лайықты бағасы.

Әріптестеріміздің еңбегі әрдайым еленіп, абыройы асқақтай берсін!
Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

🇰🇿 Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірлі әріптестер! ❤️

Республика күні мерекесіне орай халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан елеулі үлесі мен мінсіз, адал еңбегі үшін Облыс...
23/10/2026

Республика күні мерекесіне орай халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан елеулі үлесі мен мінсіз, адал еңбегі үшін Облыстық қан орталығының қан дайындау бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-трансфузиолог Аманқұлова Майра Халитқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұл — медицина саласындағы кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктің, жылдар бойғы адал еңбектің лайықты бағасы.

Майра Халитқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Ақ халатты абзал жан ретінде халық денсаулығын сақтау жолындағы игі қызметіңізге толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз! 🌷

Әрбір еңбектің артында — адам өмірі.
Әрбір жетістіктің артында — адал қызмет.

#РеспубликаКүні #ҚұрметГрамотасы #ОблыстықҚанОрталығы #АманқұловаМайра #ДәрігерТрансфузиолог Медицина АдалЕңбек

В центре здравоохранения – человек: кто и за что отвечает в системеКто объяснит результаты анализов? Куда обратиться, ес...
19/10/2026

В центре здравоохранения – человек: кто и за что отвечает в системе

Кто объяснит результаты анализов? Куда обратиться, если не удаётся записаться на приём, предлагают оплатить помощь или возникают сомнения в качестве лечения? Фонд подготовил серию карточек с ситуациями, с которыми может столкнуться каждый. На понятных примерах рассказываем, за что отвечают врач, клиника, служба поддержки пациента, Фонд и государственные органы.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Денсаулық сақтау жүйесінің өзегінде адам тұр: кім неге жауапты? Талдау нәтижелерін кім түсіндіреді? Дәрігердіңқабылдауын...
19/10/2026

Денсаулық сақтау жүйесінің өзегінде адам тұр: кім неге жауапты?

Талдау нәтижелерін кім түсіндіреді? Дәрігердіңқабылдауына жазыла алмасаңыз, медициналықкөмек үшін ақы төлеуді талап етсе немесе емніңсапасына күмән туса, қайда жүгіну керек? Қор кезкелген адам тап болуы мүмкін жағдайлар туралыкарточкалар топтамасын дайындады. Түсініктімысалдармен дәрігердің, емхананың, пациенттіқолдау қызметінің, Қор мен мемлекеттік органдар не үшін жауап беретінін түсіндіреміз.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

15/10/2026

Как самозанятым получить статус застрахованного в системе ОСМС?

С 2026 года для них действует специальный налоговый режим, предусматривающий уплату 1% от дохода на ОСМС.

📲 Подробнее рассказываем в нашей новой рубрике «ОСМС: коротко о главном»! #мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

15/10/2026

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады?

2026 жылдан бастап оларған арнайы салық режимі енгізілді. Табыстың небәрі 1%-ы МӘМС жарнасына бағытталады.

📲 Жаңа «МӘМС: керек-дерек» айдарында толығырақ түсіндіреміз! #мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Address

Oral
90000

Opening Hours

Monday 08:30 - 16:00
Tuesday 08:30 - 16:00
Wednesday 08:30 - 16:00
Thursday 08:30 - 16:00
Friday 08:30 - 16:00

Telephone

+77112518033

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Plazma Zko posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Plazma Zko:

Shortcuts

Share

Nearby clinics