ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК

ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК Орал қ., Н. Савичев көш, 85

28/08/2026

🏥 ОБЛАСТНАЯ МНОГОПРОФИЛЬНАЯ БОЛЬНИЦА

👨‍⚕️ Хайрекешов Арман Серикович
Заведующий отделением торако-абдоминальной хирургии
ГКП на ПХВ «Областная многопрофильная больница»

Высококвалифицированная хирургическая помощь пациентам с заболеваниями органов грудной и брюшной полости.

🔹 Консультация специалиста
🔹 Диагностика и определение тактики лечения
🔹 Хирургическое лечение заболеваний органов грудной клетки
🔹 Хирургическое лечение заболеваний органов брюшной полости
🔹 Плановые и сложные хирургические вмешательства
🔹 Индивидуальный подход к каждому пациенту

Современные методы диагностики и лечения, профессиональный подход и многолетний практический опыт.

📍 ГКП на ПХВ «Областная многопрофильная больница»
г. Уральск, ул. Савичева, 85

📲 Запись на консультацию — через регистратуру больницы.

Ваше здоровье — в руках профессионалов!

#ОбластнаяМногопрофильнаяБольница #ОМБ #Уральск #Хирург #ТоракальнаяХирургия АбдоминальнаяХирургия ХайрекешовАрманСерикович МедицинаЗКО

🔄 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, са...
26/08/2026

🔄 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, сатып алу, мониторинг пен төлем жасауды кезең-кезеңімен Qalqan цифрлық сервисіне көшіруді жалғастыруда.

🩺 Медицина қызметкерлері бұрыннан қалыптасқан медициналық ақпараттық жүйелерде жұмысын ары қарай жалғастыра беретінін атап өту маңызды.

Qalqan көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады, деректерді қайтадан қолмен енгізу қажеттілігі жоқ, әрі медицина қызметкерлері емдеу жұмысынан алаңдамайды.

💳 Бірінші кезеңде медициналық көмекке төлем жасау процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Qalqan арқылы төлем жасаудың толық циклі Астана қаласының үш медициналық ұйымы базасында жүргізілді. Төленген медициналық көмектің жалпы сомасы 2,97 млрд теңгені құрады.

🧪 Медициналық көмектің 92 түрі мен кіші тармағының 20-сы бойынша төлем жасаудың толық циклі сынақтан өтті.

Тағы 60 түрі мен кіші тармағы бойынша 16 медициналық ұйым базасында пилоттық сынақ жалғасуда. Сынақтан өткізу аяқталуына қарай пилоттық жоба кезең-кезеңімен кеңейтіле береді. #мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Почему система ОСМС - солидарная?Обязательное социальное медицинское страхование иногда воспринимают как персональный сч...
24/08/2026

Почему система ОСМС - солидарная?

Обязательное социальное медицинское страхование иногда воспринимают как персональный счет: человек регулярно перечисляет взносы и ожидает получить медицинские услуги примерно на ту же сумму. В соцсетях часто предлагают закрыть ОСМС и перейти на личные накопительные счета или вовсе вернуться к прежней бюджетной модели.

Однако главная экономическая закономерность здравоохранения проста: чем современнее медицина, тем дороже она становится.

Представьте: вы регулярно платите взносы и думаете, что эти деньги копят вам на лечение. Но что, если завтра понадобится сложная операция или дорогостоящее лечение?

Курс терапии при онкологии, трансплантация органов, операции на сердце, нейрохирургия, выхаживание недоношенных детей - это десятки миллионов тенге.

Если считать по средним показателям:
🔹 Работник за год вносит около 276 780 тенге
🔹 Самостоятельный плательщик 51 000 тенге

Хватит ли этих денег, если экстренная помощь, операция или лечение сложного заболевания понадобится вам или членам семьи? Очевидно, что нет.

В карусели мы показали реальные примеры того, сколько стоит лечение популярных и самых дорогостоящих диагнозов.

Именно поэтому ОСМС в Казахстане работает по принципу солидарности:
✅ Все взносы объединяются в общий фонд.
✅ Объем медицинской помощи зависит от медицинских показаний, а не от суммы ваших платежей.
✅ Риск тяжелого заболевания распределяется между миллионами участников, защищая каждую семью от значительных расходов.

«А как же контроль за деньгами?»
Чтобы видеть, куда идут средства, не нужно менять систему на накопительную. В Фонде запускается «народный контроль»: в eGov Mobile и Личном кабинете вы сможете видеть историю оказанных услуг, их стоимость, подтверждать прием и оценивать качество работы врачей.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

МӘМС неліктен ынтымақтастық жүйесіне негізделген?Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қаб...
24/08/2026

МӘМС неліктен ынтымақтастық жүйесіне негізделген?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қабылдайды: адам тұрақты түрде жарна төлеп, шамамен өзі төлеген сомаға тең медициналық қызмет аламын деп күтеді. Әлеуметтік желіде МӘМС жүйесін жойып, жеке жинақ шоттарына көшуді немесе бұрынғы бюджеттік модельге қайта оралуды ұсынатын пікірлер жиі кездеседі.

Алайда денсаулық сақтау саласындағы негізгі экономикалық заңдылық қарапайым: медицина неғұрлым заманауи болған сайын, оның құны да соғұрлым жоғары болады.

Елестетіп көріңізші: сіз тұрақты түрде жарна төлеп, бұл қаражат болашақта өзіңізді емдеуге қажет болады деп ойлайсыз. Ал егер сізге күрделі ота немесе қымбат емдеу қажет болса ше?

Орташа көрсеткіштерге сүйенсек:
🔹 Жұмысы бар азамат жылына шамамен 276 780 теңге аударады
🔹 Дербес төлеуші - 51 000 теңге

Отбасыңызда бала, жасы үлкен ата-ана ауырып қалса немесе шұғыл медициналық көмек қажет болса, бұл қаражат жете ме? Әрине, жетпейді. Ауыр дертті емдеу құны жеке жинақтардан бірнеше есе көп.

Карусельден жиі кездесетін және ең қымбат емдеудің нақты бағасын көрсеттік.

Қазақстанда МӘМС жеке жинақтау есебі емес, ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істеуінің де себебі осы:
✅ Барлық жарналар ортақ қорға біріктіріледі.
✅ Медициналық көмектің көлемі сіз аударып отырған төлемдердің сомасына емес, медициналық көрсетілімдерге байланысты белгіленеді.
✅ Ауыр дертке шалдығу жағдайлары миллиондаған қатысушылар арасында бөлініп, әрбір отбасын үлкен шығындардан қорғайды.

«Ал ақшаның жұмсалуын бақылау қалай жүзеге асады?»
Қаражаттың қайда кететінін көру және бақылау үшін жүйені жинақтаушы үлгіге ауыстырудың қажеті жоқ. Қорда «халықтық бақылау» тетігі іске қосылуда: eGov Mobile мен Жеке кабинетте көрсетілген қызметтердің тарихын, олардың бағасын көріп, қабылдауды растап, дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалай аласыз.
#мәмсбқо #фсмсзко МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы МӘМС | ОСМС | ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

17/08/2026

🤍 Болашақ аналардың денсаулығы туралы айдарымызды жалғастырамыз!

Бүгін жүктіліктің 36-аптасы туралы айтып береміз - бұл босануға және сәбиімен көптен күткен кездесуге дайындықтың маңызды кезеңі. Бұл уақытта бала белсенді түрде өсіп, салмақ қосуын жалғастырады. Ал болашақ ана үшін дәрігерге тұрақты түрде қаралып, өз жағдайын және сәбидің қимыл-қозғалысын бақылау маңызды.

Өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз! 🤍✨

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың ...
13/08/2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды.

Батыс Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2026 жылдың 1 қаңтарына 5 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 13,6 пайызға өсті. 2023 жылдан бері негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды.

Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалуы туралы толық ақпарат берілді. Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы жуық арада басталады. Инвестициялық жоба құны – 1,7 трлн теңге. Сондай-ақ, Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын да жыл аяғына дейін бастау жоспарланып отыр.

Соңғы 3 жылда облыста 138 млрд теңгеге 121 жаңа әлеуметтік нысан салынды. Барлық деңгейдегі 1542 шақырым автомобиль жолдары жөнделді. Қазақстан–Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу пункті қайта жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы «Тасқала» жобасы басталады. Жалпы құны 7,6 млрд теңгеге жаңадан салынған және жаңғыртылған 4 теміржол вокзалы ел игілігіне берілді.

Орал қаласында 60 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген 6 кәріздік сорғы станциясы жаңғыртылып, іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 2 кәріздік сорғы станциясын қайта құру жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, 11,2 млрд теңгеге 2 жылу магистралы жаңғыртылып, 60 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік жасалды. 7 мың шақырым электр желілері жаңартылып, тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға төмендеді.

Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 млрд теңгеге жетті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталғалы 1 414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Жергілікті кооперативтер «КПО б.в.» компаниясына 1,1 млрд теңгеге өнім өткізді.

«Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында мыңнан астам адам ауылға қоныс аударды. Барлық 218 отбасы баспанамен қамтылып, әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

Мемлекет басшысы өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жеделдету және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

13/08/2026
История трасплантологии Казахстана в каруселе ➡️
13/08/2026

История трасплантологии Казахстана в каруселе ➡️

Address

Н. Савичев көш., 85
Oral
090000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category