17/09/2026
Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық қолдауымен иммундау бағдарламаларының сапасын бағалау тәсілдерін жетілдіруге арналған республикалық семинар өтуде.
🌐 Бес күн бойы еліміздің әр өңірінен келген мамандар ДДСҰ-ның «Әрбір ауданды қамту» (Reaching Every District, RED) құралын Қазақстан жағдайына бейімдеп, жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істейді.
Семинардың басты ерекшелігі – оның практикалық бағыттылығы.
✅️ Қатысушылар иммундау бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап қана қоймай, жаңартылған бағалау құралын әзірлеп, оны Алматы қаласының алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында іс жүзінде сынақтан өткізеді. ⏩️ Нәтижелер еліміздегі иммундау қызметтерінің сапасын одан әрі жетілдіруге негіз болады
В Алматы проходит республиканский семинар, посвященный совершенствованию подходов к оценке качества программ иммунизации. Мероприятие проводится при технической поддержке Всемирной организации здравоохранения.
Семинар рассчитан на пять дней. В нем принимают участие специалисты из разных регионов страны. Совместно они работают над адаптацией и совершенствованием инструмента ВОЗ «Охватить каждый район» (Reaching Every District, RED) с учетом условий Казахст�