02/11/2026
Семей медицина университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Алтай Дюсупов бастаған делегациясы Бейжің қаласында өткен «The 27th China Annual Conference & Expo for International Education» халықаралық конференциясына қатысты.
Қытайдың білім беру саласындағы халықаралық алмасу қауымдастығы (China Education Association for International Exchange, CEAIE) ұйымдастырған іс-шара халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға арналған маңызды алаңға айналды.
Конференция аясында Семей медицина университетінің өкілдері тақырыптық сессияларға қатысып, сондай-ақ Қытайдың жетекші екі медициналық жоғары оқу орны – Peking Union Medical University және Tianjin Medical University өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Кездесулер қорытындысы бойынша негізгі бағыттарда ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, Қытайдың аталған екі университеті де QS пәндік рейтингінде «Медицина» бағыты бойынша ұсынылған. Бұл беделді шетелдік білім беру ұйымдарымен академиялық және ғылыми байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Делегация Медицинского университета Семей во главе с Председателем Правления – Ректором Алтаем Дюсуповым приняла участие в работе международной конференции "The 27th China Annual Conference & Expo for International Education", состоявшейся в Пекине.
Мероприятие, организованное Китайской ассоциацией по международному обмену в сфере образования (China Education Association for International Exchange, CEAIE), стало площадкой для обсуждения актуальных вопросов развития международного образовательного сотрудничества, обмена опытом и установления новых партнерских связей.
В рамках конференции представители Медицинского университета Семей приняли участие в тематических сессиях, а также провели переговоры с представителями двух ведущих медицинских университетов Китая — Peking Union Medical University и Tianjin Medical University.
По итогам встреч достигнуты договоренности о развитии сотрудничества по ключевым направлениям: разработке совместных образовательных программ, расширении академической мобильности обучающихся и профессорско-преподавательского состава, а также реализации совместных научных проектов.
Стоит отметить, что оба китайских университета представлены в предметном рейтинге QS по направлению «Медицина», что открывает дополнительные возможности для развития академических и научных связей с авторитетными зарубежными образовательными организациями.