Sandugash.yersaiqyzy

Sandugash.yersaiqyzy Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Sandugash.yersaiqyzy, Psychologist, Аскаров, Shymkent.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛІП ОТЫРЕліміздің жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа түсіндіру жұмыстары жал...
07/03/2026

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛІП ОТЫР

Еліміздің жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта «Қазақстан металл конструкциялары зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында заңгер-кеңесші Ердәулет Сапарғалиұлы жаңа редакциядағы Ата заңның негізгі бағыттары мен маңыздылығына тоқталды.

Спикердің айтуынша, Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастыратын, оның даму бағыты мен стратегиялық бағдарын айқындайтын басты құжат. Қолданыстағы Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде қабылданып, мемлекетіміздің орнығуы мен дамуына маңызды негіз болды.

Алайда қазіргі таңда ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және азаматтардың сұранысының артуы құқықтық жүйені жаңаша қарастыруды талап етіп отыр.

Кездесу барысында жаңа редакциядағы Ата заңда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек құқығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды. Ердәулет Сапарғалиұлының сөзінше, жаңа Конституция жобасында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, еңбекті қорғау мәселесі жаңа деңгейге көтеріліп отыр.

Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Жалпы алғанда, жаңа Конституция – еліміздің болашақ дамуына бағытталған стратегиялық бағдарды заңдық тұрғыда бекітетін маңызды құжат.

Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа құжатқ қолдау білдіретіндерін жеткізді.

АДАМ ӨМІРІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚШымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақ...
28/02/2026

АДАМ ӨМІРІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған.
Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, жаңа Конституцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде белгіленгені айтылды.
Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов өз сөзінде Ата Заң жобасының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды. Оның пікірінше, жаңа Конституция қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Жиын барысында кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері де өз ой-пікірлерін білдіріп, Конституциялық реформалардың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституцияда адам өмірі мен құқығы ең басты құндылық ретінде айқындалғанын ерекше атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдірді.

11/02/2026
13/12/2025

#хиджаб

Жақсы адам сөздің шырынын тереді, Жаман адам шірігін тереді
07/10/2022

Жақсы адам сөздің шырынын тереді, Жаман адам шірігін тереді

06/10/2022
Өмір деген ғажап қой, шіркін! Өмір сүру керемет! Мен өмірді сүйемін, өмір де мені сүйеді!
06/10/2022

Өмір деген ғажап қой, шіркін! Өмір сүру керемет! Мен өмірді сүйемін, өмір де мені сүйеді!

Қорқақ мың өледі, батыр бір өледіДегенді батыр ол сәтті бай адам, ол ешкімнен ақыл сұрамайды, кеңеспейді тек ішкі түйсіг...
06/10/2022

Қорқақ мың өледі, батыр бір өледі
Дегенді батыр ол сәтті бай адам, ол ешкімнен ақыл сұрамайды, кеңеспейді тек ішкі түйсігіне жүгінеді, ал қорқақ ол сәтсіз адам, бәрінен сұрап шығады, жүз рет сұрап, күнде уайымдайды, өзіне өзі сенбейді Өзіңізді бейшара санап, аяуыңызды қойыңыз. Сіздің барыңызға да жоғыңызға да тек өзіңіз жауап бересіз.Мен аурумын деп махаббат талап етпеңіз.
Өз өзін сыйлап жақсы көретін адам өзгеден Ескеруді талап етпейді.

Т-ойындар (трансформациялық) туралы естуіңіз бар ма? Соның ішінде маған қатты ұнаған ойын “Өзіңмен кездесу”.Бұл психол...
06/10/2022

Т-ойындар (трансформациялық) туралы естуіңіз бар ма? Соның ішінде маған қатты ұнаған ойын “Өзіңмен кездесу”.Бұл психологиялық ойын, ойын арқылы өміріңізді өзгерте аласыз. Өміріңізді өзгерту деген не? Жақындарыңызбен қарым- қатынасты жақсарта аласыз,табысқа жету жолын табасыз, блоктарыңызды тауып аша аласыз, әйел энергиясын көтере аласыз, өз- өзіңізді бағалауды үйренесіз және тағы басқа сұрақтарыңызға жауабыңызды табасыз. Өте керемет терапиялық ойын. Қазақстанда аналогы жоқ! Ия, қыздар, жаңалығым осы! Үйрену,іздену, жақсылыққа ұмтылу керек. Адам е дамиды, е құлдырайды үшінші күйі жоқ! Сіз нені таңдайсыз?
P.S Ойынды мен жүргіземін (қызықтырса дайректке жазыңыз) #психологшымкент #тигра #свиданиессобойшымкент

Address

Аскаров
Shymkent
160000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Sandugash.yersaiqyzy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Sandugash.yersaiqyzy:

Share

Category