25/05/2026
Репродуктивті денсаулық — тек жасыңызға байланысты емес.
Әйелдің бала көтеру мүмкіндігіне тек паспорттағы жас емес, көптеген фактор әсер етеді: аналық без қоры, жұмыртқа жасушаларының сапасы, гормоналды тепе-теңдік, өмір салты, генетика және бұрынғы денсаулық жағдайы.
Бір жастағы екі әйелдің репродуктивті мүмкіндігі мүлде әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан тек «әлі жаспын» деп ойлау әрдайым дұрыс бола бермейді.
Қазіргі медициналық тексерулер ағзаның нақты жағдайын бағалап, болашаққа саналы жоспар құруға көмектеседі. Бұл тек жүктілікті жоспарлап жүргендер үшін ғана емес, өз денсаулығын алдын ала бақылауда ұстағысы келетін әр әйел үшін маңызды.
Өз ағзаңызды түсіну — қорқыныш емес, керісінше өзіңізге деген қамқорлықтың белгісі 🤍
Ал сіз жұмыртқа жасушаларын сақтау туралы ойланып көрдіңіз бе? Немесе бұл тақырып сіз үшін маңызды ма? Пікірге бөлісіңіз 💬
#гинекологшымкент #репродуктологшымкент #экомедшымкент #бесплодие #яйцеклетка