Dala kuaty

Dala kuaty Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Dala kuaty, Health & Wellness Website, Shymkent.

🌱 АУРУ БАСТАЛМАЙ ТҰРЫП ДЕНЕ ҚАНДАЙ БЕЛГІ БЕРЕДІ?Жылдар бойы адамдарды бақылап жүріп бір нәрсені түсіндім.Ауру бір күнде ...
18/06/2026

🌱 АУРУ БАСТАЛМАЙ ТҰРЫП ДЕНЕ ҚАНДАЙ БЕЛГІ БЕРЕДІ?

Жылдар бойы адамдарды бақылап жүріп бір нәрсені түсіндім.

Ауру бір күнде келмейді.

Оған дейін дене ұзақ уақыт сөйлеседі.

Бірақ көп адам оның тілін тыңдамайды.

14–24 жас аралығында адамдардың денсаулығын бақылап жүріп, ауру басталмай тұрып дене бірнеше белгі беретінін байқадым.

Көбіне:

🌱 ұю

🌱 сыздау

🌱 тартылу

🌱 қақсау

🌱 түйілу

🌱 шаншу

🌱 ісіну

🌱 қызу

Басында бұл белгілердің мағынасын түсінбейтінмін.

Бірақ бір нәрсе қайталана беретін.

Әкем мен анам белгілі бір жерінің тартылып тұрғанын немесе қақсап тұрғанын айтатын.

Ал бірнеше күннен кейін дәл сол жерде ауру пайда болатын.

Сол кезде мені бір сұрақ мазалай бастады:

> Ауру қай жерден басталады?

Мен аурудың өзін емес, оған дейінгі жолын іздеуге кірістім.

Неге дәл осы жер?

Неге дәл осы уақыт?

Неден басталды?

Сол сұрақтар мені бақылауға үйретті.

🌱

Бала кезімде түсімде сүйектерді жиі көретінмін.

Қаңқаны.

Жекелеген сүйектерді.

Олардың байланысын.

Сұраған сайын әкем көрсетіп, түсіндіріп отыратын.

Бір сүйекті ғана емес, оның жалғасқан жолын үйрететін.

Бір күні маған:

> “Сен сүйекті ғана емес, оның толық байланысын үйренесің.”

деген еді.

Қазір ойласам, сол сөздің мәнін өмірдің өзі түсіндіріпті.

🌱

Жылдар өте келе бір нәрсені анық түсіндім:

Ауру — соңғы нүкте.

Ал оған дейін дене талай рет белгі береді.

Сұрақ тек біреу:

> Адам оны тыңдай ма?

Әлде:

> “Өтіп кетер...”

> “Әлі шыдаймын...”

> “Қазір уақытым жоқ...”

деп жүре бере ме?

🌱

Бүгінде мен адамның мәселесіне емес,

оның Негізіне қарауға тырысамын.

Өйткені дене көбіне біз көрмеген нәрсені көрсетіп тұрады.

Ал жылдар бойы түсінген ең маңызды байқауым:

> Дене ешқашан жау емес.

Дене әрқашан хабаршы.

✨ Ал келесі бөлімде мен мына сұраққа тоқталамын:

*Ең жиі қайталанатын қателік қандай болды?*

Міне, осы сұрақтың жауабы мені адамның ойлау жүйесіне, сеніміне және санасына алып келді...

🌱 Жалғасы бар...

#Негіз #ӨзінТану #ДенеТілі #Денсаулық #бақылау

17/06/2026

(Келесі бөлімде: «Дене ауру басталмай тұрып қандай белгілер береді?») #массаж #массажүйрену #психология

📩 Ақпарат алу үшін хабарлама жазыңыз.
16/06/2026

📩 Ақпарат алу үшін хабарлама жазыңыз.

15/06/2026

Жалғасы бар❗️ #өміртарихым

Бүгін мен маңызды шешім қабылдадым.Осы уақытқа дейін сіздермен бірге болған чат өз миссиясын орындады деп есептеймін. Со...
13/06/2026

Бүгін мен маңызды шешім қабылдадым.

Осы уақытқа дейін сіздермен бірге болған чат өз миссиясын орындады деп есептеймін. Сондықтан бұл чат жабылады.

Негізгі сабақтар жабық Telegram тобында өтеді.

Егер өзіңізге пайдалы болады деп ойласаңыз, жақындарыңызды да шақыра аласыз 🤍 Қазір қатысушыларды жинап жатырмыз.

Бисмиллях деп алғашқы қадам жасалды 🤍

Сабаққа тіркелу басталды!
8775 535 79 57☎️

13/06/2026

Көп адам менен:

«Неге дәл “Дала Қуаты”?» деп сұрайды.

Бұл атау жай таңдала салған жоқ 🌿

#ем #денсаулық #орталық #нүктелімассаж #массаж

Сәлем, қадірлі оқырман! 🌷Бүгін сіздермен өмірімнің ең терең әрі ең маңызды бөліктерінің бірін бөліскім келеді.Енді сізде...
11/06/2026

Сәлем, қадірлі оқырман! 🌷

Бүгін сіздермен өмірімнің ең терең әрі ең маңызды бөліктерінің бірін бөліскім келеді.

Енді сізден сұрайын:

Сіздің бала күніңіздегі қандай оқиға бүгінгі өміріңізге ең үлкен әсерін тигізді?

Қазір сіздің күшіңізге айналған қандай қиындық болды?

Пікірге жазып кетсеңіз қуана оқимын. 🌷🤍

#ӨмірСабағы #БалалықШақ #ӨзінТану #Сауығу #Шүкіршілік ӨсуЖолы Береке ӨмірСценарийі

Address

Shymkent

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Dala kuaty posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share