merke_crb

merke_crb Медицина/Здравохранение

07/09/2026

❗️Вы посетили медицинскую организацию?
Подтвердите факт посещения с помощью QR-кода Qalqan.

Как это сделать?
Показываем все шаги в видео! 🎥

07/09/2026

❗️Медициналық ұйымға бардыңыз ба?
Барғаныңызды Qalqan QR-коды арқылы растаңыз.

Қалай жасауға болады?
Барлық қадамды видеодан көріңіз! 🎥

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

05/09/2026

🦷 Бала күлкісі — денсаулықтан басталады!

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының тарапынан бастау алған «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы аясында балаларға профилактикалық стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда.

Күні кеше Т.Қожакеев атындағы №39 мектебінде профилактикалық стоматологиялық кабинет ашылды. Ал бұған дейін №9 мектепте осындай кабинет өз жұмысын бастаған.

Мұнда балалардың ауыз қуысының жағдайы тексеріліп, стоматологиялық ауруларды ерте анықтау, ауыз қуысы гигиенасын үйрету және қажет болған жағдайда стоматологқа уақытылы жолдау жұмыстары жүргізіледі.

📍 Алдағы уақытта №17 және №44 мектептерінде профилактикалық стоматологиялық кабинеттер ашу жоспарлануда.

Бүгінгі дұрыс күтім — ертеңгі сау күлкі! 🤍🦷

05/09/2026

Бала ауырғанын күтпейік! ❤️

Балаңыздың денсаулығына көңіл бөлудің ең дұрыс уақыты — ол сау кезінде.

Әр бейсенбі күні Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «Сау баланың қабылдау күні» өткізіледі.

Бұл күні:
🔹 профилактикалық тексеріс жүргізіледі;
🔹 баланың денсаулық көрсеткіштері бақыланады;
🔹 ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация мәселесі қаралады.

Ауруды емдегеннен, оның алдын алған әлдеқайда дұрыс.

Балаңыздың денсаулығын ертеңге қалдырмаңыз.
💙 Әр бейсенбі — Сау баланың қабылдау күні!

Сау бала — жарқын болашақ! 🌿

04/09/2026

Қыркүйек айының 1-10 аралығында Жарақаттанудың алдын алу бойынша”Жол жүрісі қағидаларын білу-қауіпсіздік негізі”жол көлік оқиғасының алдын алу онкүндігі ұйымдастырылып өткізілуде. Ауданға қарасты білім беру мекемелерінде оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

03/09/2026

📍 «ОТБАСЫ – КІШКЕНТАЙ МЕМЛЕКЕТ»

📌 «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес, Меркі ауданының «Ұшқын» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, «Отбасы – кішкентай мемлекет» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, қатысушылардың психологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету.

🔹 Тренингті «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маманы Жанаканова Мөлдір жүргізді. Іс-шараға «Ұшқын» жастар денсаулық орталығының психологтары Төлеуова Алтынай Серікқызы және Кеңесалы Аружан Талғатқызы қатысты.

🔹 Тренинг барысында қатысушылардың бір-бірін жақсырақ түсінуіне, эмоцияларын дұрыс жеткізуіне және отбасылық қарым-қатынаста өзара қолдау көрсетуіне бағытталған психологиялық жаттығулар мен тренингтік ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, отбасы мүшелері арасындағы сенім, сыйластық, жауапкершілік және қолдаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

02/09/2026
ОСМС: от трудных шагов — к свободе движенияСистема обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) предоставля...
02/09/2026

ОСМС: от трудных шагов — к свободе движения

Система обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) предоставляет гражданам доступ к необходимой медицинской помощи, в том числе к сложным и высокотехнологичным операциям. Одним из таких видов медицинской помощи является эндопротезирование коленного сустава.

Жительница города Тараза Жулдызай Колькебаева получила необходимую медицинскую помощь в рамках ОСМС в Таразской городской многопрофильной больнице. Ей в плановом порядке была проведена операция по эндопротезированию коленного сустава.

Более 6–7 лет пациентку беспокоили боли в коленном суставе. Из-за заболевания ее двигательная активность была существенно ограничена, что создавало значительные трудности в повседневной жизни.

Как отмечает врач-травматолог Михаил Мацагоров, операция была проведена с применением современных медицинских технологий. Основная цель эндопротезирования — восстановление функции поврежденного сустава, улучшение двигательной активности пациента и повышение качества его жизни.

В настоящее время состояние Жулдызай Колькебаевой оценивается как хорошее. Она проходит реабилитацию и постепенно возвращается к привычному образу жизни.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ АРДАҚТЫ ОҚУШЫЛАР!Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!Білім ...
01/09/2026

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ АРДАҚТЫ ОҚУШЫЛАР!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – адамның болашағына жол ашатын ең үлкен күш. Ал мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін бұл күн – жаңа арманның, жаңа достықтың, үлкен өмірге жасалған алғашқы қадамның бастауы.

Әсіресе, алғашқы қоңырауын асыға күткен бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін! Әрбір сабағы қызыққа, әрбір күні қуанышқа толы болсын. Ал білім жолындағы әрбір қадамыңыз биік белестерге бастасын!

Ұстаздарға – еңбектеріңізге толағай табыс пен шәкірттеріңіздің жетістігін көру бақыты бұйырсын.
Ата-аналарға – перзенттеріңіздің қуанышын бірге көруді нәсіп етсін.

Білімді ұрпақ – дені сау, саналы әрі жарқын болашақтың кепілі.

Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндік, жаңа жеңіс, жарқын жетістіктер әкелсін!

🔔 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік!

Құрметпен, бас дәрігер
Г.К. Қазанғапова

Address

Taraz
080500

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00

Telephone

+77263245273

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when merke_crb posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to merke_crb:

Shortcuts

Share