25/08/2026
АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары
🔰АО «ТЭЦ» ұжымында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
👩⚕️ Іс-шараға Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш және Смаил Мадина қатысты.
📌 Бірінші күннің қорытындысы:
👥 50 адам ақпараттық лекцияға қатысты.
🩸 85 адамнан АИТВ-ға зертханалық тексеру үшін ИФТ әдісімен қан алынды.
🎯 Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, уақытылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы түсіндірді.
✅ Алдағы екі күнде АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен зертханалық тексеру жұмыстары жалғасатын болады.