28/03/2026
*Құдайға жасалатын нағыз дұға, ол; _Оған алғыс айту!*_
Бұл — Құдайдан бірдеңе сұрау емес, керісінше *шүкіршілік білдіру және оған қолыңдағы барың үшін алғыс білдіру (алғыс айту)!!!*
Бірақ бізді үнемі, Құдайдан бір нәрсені сұрауды ғана үйреткен. Сондықтан да, біз ішкі жан-дүниемізбен кедейленіп қалғанбыз, санамызда тек кедейшіліктің ой-өрісі қалыптасып қалған. Ішкі байлықтың орнына, рухани жұтаңдықта өмір сүріп жүрміз.
Біз, әрдайым тек қиналған уақытта және қандайда бір қиын жағдайда ғана, жылап- еңіреп Құдайдан сұрай береміз және соны *дұға* деп, яғни дұға жасадық деп ойлаймыз.
🔥*Енді байқап көріңіз*:
Aлдағы *45 күн* бойы Құдайдан ештеңе сұрамай, тек алғыс айтып көріңізші.
*Мысалы, былай деңіз:*
“Уа, Алла, Сен маған көп нәрсе бердің. Өте көп бердің. Мен оған лайық болмасам да, Сен маған осыншама нығмет бердің. Мен соның бәріне ризамын.”- деп.
Қолыңыздағы *барыңыз* үшін де, *жоғыңыз* үшін де шүкіршілік айтып көріңіз. Сонда өміріңіздің қалай өзгере бастағанын көресіз. Ішіңізде үлкен бір *энергия* ашыла бастайды.
Бірақ, бізді дұға жасауды, тек сұрау арқылы жасауға үйреткен. Ал шын мәніндегі *нағыз дұға* — ол *алғыс* арқылы жасалады!!!
*Бұл — көпшілікке беймәлім, Ғаламның терең бір құпиясы!* Ал адамның *нәпсісі* (ЭГО), әрдайым бір нәрсе сұрағысы келеді де тұрады. Нәпсі, үнемі сұрауға үйреніп алған. Ал, бірақ, сіз Құдайға, бүкіл әлемге, өзіңізге және басқа да адамдарға *алғыс* айта бастаған кезде, адамның жүрегінде *махаббат* ашыла бастайды да, адамның бойындағы *нәпсісі* жәймен жоғала бастайды да, біржолата жойылады! Себебі: *алғыс пен махаббат* — *нәпсіні* жойып жібереді!!!🤍