01/09/2026
📌Қазақстанда анальды өзек қатерлі ісігі бойынша жеке клиникалық хаттама жобасы әзірленді.
Анальды өзек қатерлі ісігі – колоректальды қатерлі ісіктен ерекшеленетін және диагностикасы мен емдеуіне өзіндік тәсілді қажет ететін жеке онкологиялық ауру. Алайда қазіргі таңда Қазақстанда бұл ауруға арналған жеке клиникалық хаттама жоқ. Мұндай пацменттерді жүргізу алгоритмдері тік ішек қатерлі ісігі бойынша клиникалық хаттамаға енгізілген.
🔹Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары анальды өзек қатерлі ісігін диагностикалау және емдеу бойынша жеке клиникалық хаттаманың жобасын әзірледі. Құжатты енгізу пациенттерді жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және Қазақстанда осы ауру бойынша жеке статистикалық есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
📍26 қыркүйекте клиникалық хаттама жобасы алғаш рет кәсіби медициналық қауымдастыққа ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 аясындағы арнайы секцияда таныстырылады. Құжаттың негізгі ережелері туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкоколопроктолог дәрігері Сауле Хамзина баяндама жасайды.
Іс-шара барысында анальды өзек қатерлі ісігін емдеудің заманауи тәсілдері де талқыланады. Талқылауға шетелдік сарапшылар қатысады. АҚШ-тың Орегон штатындағы Oregon Health & Science University профессоры, радиациялық онколог Тимур Митин заманауи сәулелік терапияның мүмкіндіктері және емдеу тиімділігін сақтай отырып, оның уыттылығын төмендетуге мүмкіндік беретін тәсілдер туралы баяндайды.
Ресейдің Мәскеу қаласындағы Н.Н. Блохин атындағы Ұлттық онкология медициналық зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, онколог дәрігер Сергей Гордеев анальды өзек қатерлі ісігінің қайталануы кезіндегі емге тоқталады. Бұл – клиникалық тәжірибедегі ең күрделі жағдайлардың бірі.
🔹Қазақстандық және шетелдік мамандардың қатысуымен өтетін талқылау Қазақстанда анальды өзек қатерлі ісігін диагностикалау, емдеу және есепке алудың дербес жүйесін қалыптастыру бағытындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.
- - - - - - - - - - - - -
📌В Казахстане разработали проект отдельного клинического протокола по раку анального канала.
Рак анального канала – это отдельное онкологическое заболевание, которое отличается от колоректального рака и требует собственных подходов к диагностике и лечению. Однако сегодня в Казахстане отдельного клинического протокола по этому заболеванию нет – алгоритмы ведения таких пациентов включены в протокол по раку прямой кишки.
🔹Специалисты Национального научного онкологического центра разработали проект отдельного клинического протокола по диагностике и лечению рака анального канала. Его внедрение позволит унифицировать подходы к ведению пациентов, повысить качество медицинской помощи и начать формировать отдельную статистику по этому заболеванию в Казахстане.
📍26 сентября проект впервые представят профессиональному сообществу в рамках специальной секции ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026. О ключевых положениях документа расскажет онкоколопроктолог ННОЦ Сауле Хамзина.
К обсуждению современных подходов к лечению рака анального канала присоединятся международные эксперты. Профессор Oregon Health & Science University, радиационный онколог Тимур Митин (Орегон, США) представит возможности современной лучевой терапии и подходы, позволяющие снизить её токсичность при сохранении эффективности лечения.
Доктор медицинских наук, ведущий научный сотрудник, врач-онколог НМИЦ онкологии им. Н.Н. Блохина Сергей Гордеев (Москва, Россия) посвятит своё выступление одной из наиболее сложных клинических ситуаций – лечению рецидива рака анального канала.
🔹Обсуждение проекта с участием казахстанских и зарубежных специалистов станет одним из этапов формирования самостоятельного подхода к диагностике, лечению и учёту рака анального канала в Казахстане.