01/08/2025
Гидромассаж қандай балаға керек?
1. Шала туған және салмағы аз балалар
Бұл балалардың жүйке жүйесі толық жетілмеген болуы мүмкін.
Гидромассаж тыныштандырады, қан айналымын жақсартады, бұлшықеттерді нығайтады.
Тамақтану мен ұйқыны реттеуге көмектеседі.
2. Бұлшықет тонусы бұзылған балалар (гипертонус/гипотонус)
Су ішіндегі қозғалыс бұлшықеттерге күш түсірмей жаттығуға мүмкіндік береді.
Массаж бен суда қозғалу тонусты қалпына келтіруге көмектеседі.
3. Неврологиялық бұзылыстары бар балалар
Мысалы, ДЦП (церебралды сал ауруы) немесе перинатальды энцефалопатиясы бар балалар.
Су жүйке жүйесіне жеңіл әсер етіп, спазмды азайтуға көмектеседі.
4. Сүйек-бұлшықет жүйесі дамуы кешеуілдеген балалар
Егер бала жастына сай отырмай, еңбектемей, жүрмей жатса, гидромассаж моторикасын дамытуды қолдайды.
5. Жиі мазасызданатын, нашар ұйықтайтын балалар
Су мен массаж тыныштандырып, баланың эмоционалдық күйін жақсартады.
Сәбиңізді дәл қазір гидромассажға жазыңыз🫶